11 Ақпан, 2016

Қызылордалық кәсіпкер 58 миллион теңгеге жуық қарызын қайтарып алады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.02.2016 QZO ҚЫЗЫЛОРДА. 11 ақпан. Қызылордалық кәсіпкер 58 миллион теңгеге жуық қарызын қайтарып алады.Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиевтің айтуы бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қызылордалық «Конструктив» ЖШС құқығын қорғау жөнінде өтініш жазған болатын. Өтініште кәсіпкер 2014 жылы «Игілік» корпоративтік қорымен Қызылорда қаласында 3000 орындық ипподром салу жөнінде келісім шартқа қол қойғандықтарын айтқан. Шартқа сай кәсіпкер 2015 жылдың 12 қазанына дейін барлық жұмыстарды атқарып, мемлекеттік комиссиямен қабылданады. Алайда корпоративтік қор тапсырысты орындаушының алдында міндеттемесін орындамай, «Конструктив» ЖШС-не 57 965 987 теңге қарыз болып қалады. Кәсіпкерді алаңдатқан мәселе қаржының қай уақытта төленетіндігіне қатысты тапсырыс берушінің нақты жауап бермеуі. Осы ретте, кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған серіктестік басшысына заңгерлер көмек көрсетіп, «Игілік» корпоративтік қорымен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде қос тарап келісімге келіп, қор жақын күндері қарызын өтейтін болып келісті. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz