11 Ақпан, 2016

Алматыдағы қыздар университетінде ерекше көрме өтті (фото)

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-02-2016 kizdar 3АЛМАТЫ. 11 ақпан. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қажет емес заттардан жасалған бұйымдарға арналған ерекше көрме өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Көрме өткізу идеясы студенттерді шабыттандырды. Қазылар алқасы осы жұмыстардың арасынан ең үздігін анықтап, марапаттады. Біз еңбекке баулитын пәндерде ғана жаңа зарттарды жасауды үйрететін болсақ, ендігі кезекте кез келген қызығушы жан арнайы үйірмеге қатыса алады. Сол сияқты жаңадан «Шебер қолдар» үйірмесін ашатын боламыз», – дейді университеттің мектепке дейінгі және бастауыш кафедрасының меңгерушісі Тұрсынай Байназарова. Қиял жүйріктігін көрсетуді көздеген педагогика және психология факультеті мен «ҚазНұр» гуманитарлық колледжінің студенттері көрмеге ерекше атсалысты. Өз мамандықтары бойынша кәсіби өсуге сеп болатын шараға пластик бөтелкелерден, қақпақтардан, лампалардан, гүлшоғы оралған қағаз, лента, картон, диск сынды пайдаланылған заттарды қолдана отырып жаңа дүниелер жасаған. Әр жұмыстың атауы, авторы көрсетіліп, қазылар алқасына ұсынылды. «Көңілді ферма», «Кира торай», «Алтын балық» деген атауларды алған сан алуан заттар көздің жауын алады. Көрмеге қойылған заттар өзіндік ерекшелігі, эстетикалығы, экологиялық құндылығы, пайданылған материалдардың әртүрлілігі бойынша сарапқа салынып, ең үздіктері анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша үздік жұмыстар Абай атындағы ҚазҰПУ-да өтетін көрмеге апарылады. Бұл тәжірибе алмасуға, кәсіби шыңдалуға мүмкіндік берері сөзсіз. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz. 11-02-2016 kizdar 2 11-02-2016 kizdar 1