ҚАРАҒАНДЫ. 11 ақпан. Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы қылмыскерді ұстауға көмектескен Теміртау қаласының тұрғынын марапаттау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Теміртау қаласының 17 жастағы тұрғыны 88 жастағы зейнеткердің пәтеріне терезе арқылы түсіп, кейуананы қорқытып, 70 мың теңгесін алып кеткен. Тоналған зейнеткердің көршісі бұл бассыздықты байқап қалып, дереу полиция бөлімшесіне хабар беріпті. Осының арқасында тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: sovetsk39.ru.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше