АСТАНА. 11 ақпан. «Kazsport» телеарнасы Лиллехаммерде өтетін жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпия ойындарын көрсетеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
12 – 21 ақпан аралығында әлемнің 18 жасқа дейінгі талантты жастары 16 спорт түрінен 70 жүлдені сарапқа салады. Олимпиадада Қазақстан намысын еліміздің 8 өңірінен жиналған 20 спортшы қорғайды.
Жарыстың ашылу салтанатында ұлттық командамыздың туын алып жүру міндеті шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Еркебұлан Шамұқановқа тапсырылды. Сонымен қатар, спортшыларымыздың арасында 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы биатлоншы Арина Пантова мен жастығына қарамастан әлемдегі таңдаулы 20 мәнерлеп сырғанаушының қатарынан саналатын Элизабет Тұрсынбаеваны ерекше атап өтуге болады.
«Kazsport» телеарнасы біздің спортшылардың қатысуымен өтетін барлық жарыстар мен Олимпия ойындарының ашылу салтанатын көрсетеді. Трансляциялардан бөлек эфирде жарыс күнін қорытындылайтын кешкі және күндізгі арнайы шолулар жоспарланған.
«KAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ
| Күні | Спорт түрі | Жарыс түрі | Эфир | Қазақстандықтар |
| 12 ақпан | АШЫЛУ САЛТАНАТЫ | 23.55 | ||
| 13 ақпан | ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ | Қыздар. Ерлер. (Квалификация. Финалдар) | 14:20 | Иван Люфт Анжелика Тарасова |
| 15 ақпан | ШОРТ-ТРЕК | Қыздар. Ерлер. 1000 м. (Жұптық жарыс. Жартылай финалдар. Финалдар) | 00:45 | Анита Нагай Еркебұлан Шамұханов |
| 15 ақпан | ФРИСТАЙЛ | Ски-кросс (Жұптық жарыс. Жартылай финалдар. Финалдар) | 18:55 | Айжан Сапиянова Қайрат Олжас |
| 17 ақпан | МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ | Қыздар. Еркін бағдарлама | 11:05 | Элизабет Тұрсынбаева |
| 17 ақпан | БИАТЛОН | Аралас эстафета | 15:50 | Арина Пантова Евгения Красикова Иван Дарьин Берік Жанболатов |
| күні | эфир уақыты | ұзақтығы | күні | эфир уақыты | ұзақтығы |
| 13.02.2016 | 22:55 рус, 01:25 каз | 30 МИНУТ | 14.02.2016 | 10:35 рус, 16:45 каз | 50 МИНУТ |
| 14.02.2016 | 00:20 рус, 02:35 каз | 30 МИНУТ | 15.02.2016 | 21:25 каз, 22.30 рус | 50 МИНУТ |
| 15.02.2016 | 23:35 рус, 00:20 каз | 30 МИНУТ | 16.02.2016 | 10:15 рус, 14:30 каз | 50 МИНУТ |
| 16.02.2016 | 00:35 каз, 01:20 рус | 30 МИНУТ | 17.02.2016 | 09:55 рус, 14:55 каз | 50 МИНУТ |
| 17.02.2016 | 22:55 рус, 23:55 каз | 30 МИНУТ | 18.02.2016 | 09:05 рус, 12:55 каз | 50 МИНУТ |
| 18.02.2016 | 00:15 каз, 00:50 рус | 30 МИНУТ | 19.02.2016 | 09:50 рус, 19:40 каз | 50 МИНУТ |
| 19.02.2016 | 00:05 каз, 00:40 рус | 30 МИНУТ | 20.02.2016 | 10:55 рус, 13:55 каз | 50 МИНУТ |
| 20.02.2016 | 01:00 рус, 01:50 каз | 30 МИНУТ | 21.02.2016 | 09:00 рус, 18:10 каз | 50 МИНУТ |
| 21.02.2016 | 00:20 каз, 01:20 рус | 30 МИНУТ | 22.02.2016 | 10:00 рус, 13:00 каз | 50 МИНУТ |