АСТАНА. 11 ақпан. Таиландтың оңтүстігіндегі Пхангнга провинциясына қарасты Андаман теңізінде жергілікті балықшылар апатқа ұшыраған саяхатшылар кемесінен 60 адамды құтқарып қалды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға сәрсенбі күні саяхатшылар тобы Симилан аралдарынан қайтқан кезде болған. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан кеме су бетіндегі ірі бөренеге соғылып, апатқа ұшырады. Бұл сәтті байқаған балықшылар дереу көмекке жетіп, саяхатшылардың бәрін аман алып қалды.
Симилан басшылығы Нат Конгкесорнның айтуынша, саяхатшылар арасында сұранысқа ие аралдың әрбір кемелері 70 адамға дейін тасымалдай алады. Су көлігінің капитаны сақтық шараларын дер кезінде орындап, әрбір адамға арнайы суға батырмайтын кеудешелер кигізді. Осыған байланысты ешкім зардап шекпеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
сурет: regnum.ru.
• 11 Ақпан, 2016
Таиландта апатқа ұшыраған кемеден 60 жолаушы құтқарылды

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше