11 Ақпан, 2016

Әскерде үйретуші нұсқаушылар атқа отырды (фото)

437 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
11.02.2016 AST-7 АСТАНА. 11 ақпан. 91678 әскери бөлімде үйретуші нұсқаушыларды жыл сайынғы атпен дайындау басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабаралды. Бөлімнің әскери қызметшілері тұлпарлармен жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы сабақтар өткізеді. Армияда жылқылар техника өте алмайтын тау-тастың арасында, таулы жерде, тайыз соқпақ жолдарда пайдаланылады. Олар жаралыларды шығару, жүктер мен оқ-дәрілерді тасымалдау, басқа да тапсырмаларды орындау  үшін пайдаланылып келеді. Әскери қызметшілер жаңадан келгендерді атқа мінуге, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, атқа мінудің негіздерін үйретеді.  Үйрету барысында жылқылар кедергілерден өтіп, таулы жерде жеке құрамды тасымалдайды.  Сондай-ақ, оларға автоматтан шығатын қатты дыбыстарға үйренісу қажет.  Жауынгерлік даярлық әртүрлі полигондарда өткізіледі. Алыс жерлерге жылқыларды пойызбен тасымалдайды. Қарулы Күштерде атқа міну дайындығы міндетті пән болып саналады. Ал полигондарда жылқылармен жұмыс жасау жоспарға байланысты айына бірнеше рет өтеді. «Сәйгүліктерді өзіміз тамақтандырамыз. Сұлы, кебек, бидай сияқты азық жемді жылқылар нормаға сәйкес күн сайын алып тұрады. Сонымен қатар дәрумендер береміз. Жануарларды ат қораның жеке қораларында ұстайды. Ротаға жылқылар үш жасында келеді, ал олардың қызмет ету мерзімі 5 жыл», дейді таулы-қорықтық ротасының командирі аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы. Рота жанында жылқылардың күтімін қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады. Рота құрамында барлығы 52 жүйрік бар. Әрқайсысы бір-бір әскери қызметшіге бекітілген және өзінің арнайы нөмірі бар. Қазір әскерде пайдаланылып жүрген жылқылар былтыр Таразда өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге, Жаркент пен Қапшағайда өткен «Қазақ елі» фильмінің түсірілімінде пайдаланылды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 11.02.2016 AST-8 11.02.2016 AST-9 11.02.2016 AST-10 11.02.2016 AST-11