01 Қаңтар, 2011

Адамзатты өткен жылы не өкіндірді немесе ғалымдар болашаққа қандай болжам айтуда?

1191 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Өткен 2010 жыл адамзат үшін үлкен-үлкен табиғи апаттармен және  тылсым құбылыстарымен есте қалды. Олар нелер дегенде ауыз­ға ең алдымен 20 сәуір күні Мексика шы­ғанағында орын алған тарих­тағы ең ірі техногендік апат еске түседі. Ол—Бритиш Петролеум компания­сы­ның 33 тонналық Deepwater Horizon мұнай платфор­масында болған өрт. Адамдар өртті сөндірмек болып 36 сағат бойы арпа­лысқанымен, ақыры одан еш нәтиже шықпай, платформа су түбі­не кетті, 11 адам қаза тауып, жүз­ден астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. 1,5 мың метр тереңдікте орналасқан құбырдан күн сайын 1 мың баррель мұ­най Мексика шыға­нағының су­ларына ағып жатты. Тек төрт айдан кейін ғана апат зардап­тарын жоюдың сәті түсті. Осы мерзім ішінде 5 миллион баррельге жуық мұнай теңізге төгілді. Одан келген шығын ондаған миллиард доллар болады деп бағаланды. 2010 жылдың дәл басында, яғни 12 қаңтар күні Гаитиде   алапат жер сілкінісі болып, бір минөттің ішінде ел астанасы Порт-о-Пренс қала­сын жермен жексен етті. Ресми мәлі­меттер бойынша апаттан 75 мың адам қаза тауып, миллионға тарта халық бас­пана­сыз қалды.  Елде гу­манитарлық апат жағдайы жария­ланды, ол жағдай әлі күнге дейін жалғасуда. Сарап­шылар болса бас қаланы қалпына келтіру үшін онда­ған жылдар қажет болады деген бол­жам айтып отыр.  Жыл соңына қарай елде түрлі жұқпалы аурулар эпидемиясы бас­тал­ды.  Бір­қатар ел­дердің санитар­лық дәрігерлері оның соңы 2011 жылы бүкіләлемдік дең­гейдегі пандемияға ұласуы мүмкін деген қатер айтып отыр. Одан кейінгі ірі оқиға Ислан­дияның айтуға адамның тілі де келе бермейтін Эйяфьятлайокудль деп ата­­латын мұздағы астында орна­лас­қан жанартаудың оянуы. 20 нау­рыз­да бас­талып, 5 сәуірге дейін жалғас­қан жа­нар­таудың ат­қылауынан  шық­қан тү­тін мен күл бір айға жуық бүкіл Еуропа құр­­­лығы үстіндегі әуе қозға­лы­сына нұқсан келтірді. Жоғары шап­шыған күлдің биіктігі 13 ша­қы­рымға дейін көтерілген. Ға­лым­­дар өткен жаз мер­зімінің ерек­­ше құбы­лыс­тарға толы бо­луының бір себебін де осы жанартаумен байланыстырып отыр. Бұрын-соңды болмаған ыстық пен құрғақшылық салдарынан Ресейде 30 мыңға тарта өрт болып, ол 1 миллион гектарға жуық жерді шарпыды. 62 адам қаза тауып, 2,5 мыңдай үй жа­нып кетті. Ресейдің экономикалық даму министрлігінің мәліметтері бойын­ша, бұрын-соң­ды  болмаған  ыстық  салдары­нан ел­де адам өлімі бес есеге дейін арт­қан. Мәселен, тек тамыз-шілде ай­ларында ғана Ресейде қайтыс бол­ғандар саны оның алдындағы 2009 жылға қарағанда 55,8 мың адамға көп болған.  Осы  кезеңде темпера­туралық  рекордтар  да орын алды. Мысалға, кейбір өңірлерде ыстық 43,5 градусқа дейін жеткен. Ғалым­дар болашақта бұдан да өткен аптап ыстықтар бола­ды деген болжамдар айтуда. Жазда испандық астрономдар 2128 жылы біздің планетамыздың ірі астероидпен соқтығысу қаупі бар деген мә­лімдеме жасады. Осындай ас­тероид­тің бар екендігі  алғаш рет өткен ға­сырдың со­ңында анықта­лып­ты. Оның көле­мі көлденеңінен ал­ғанда 560 метрді құрай­ды екен.  Бү­гінде оның қозғалы­сын, дәлірек айт­қанда, Жер­ге қарай жақындау жыл­дам­дығын ғалымдар өз бақы­лауы­на  алған. Теория  жүзінде  егер астероид жерге құлап түсер болса,  үлкен бір  қа­­ланы  жойып  жібере  алады, бірақ  адам­зат өміріне одан төнер қауіп-қатер жоқ. Ғалымдар адамзат өміріне қатер қайдан келеді дегенді болжаумен ай­на­лысып жатқанда, бір амери­ка­лық ком­па­нияның бизнесмені жер асты бун­кері­нің жо­ба­сын ұсынған. Оның айтуынша, жер бетінде қан­дай ақыр­заман орнаса да ол бункерге жасы­рын­ған адамдар  апаттан  аман қала­тын  көрінеді. Ол орын 700 градус суыққа және сағатына 700 километрге дейін жететін желге төтеп бере алады-мыс. Сол сияқ­ты 10 баллдық жер сілкінісіне шыдас беріп, жер бетін топан су қаптаған жағдайда 500 сағат бойы адамдарды су тасқы­нынан қорғап қала алады екен. Бұл аз десеңіз, 2012 жылдың со­ңында, дәлірек айтар болсақ, жел­тоқ­сан айында ақырзаман бо­лады дегенді де көптеген шетелдік бұ­қара­­лық ақпарат құралдары желпінте жазуда. Оған әлемнің көпте­ген ғалым­дары да өз үн­дерін қо­сып, отқа май құя түсуде. Олар мұндай ұйғарымға ежелгі маялар­дың, еги­петтіктердің және Ностра­дамустың айтқандарына сүйе­не оты­рып келіп отырмыз дегенді нақ­­ты дәйек ретінде ұсынады. Құдай ондай апаттардың бетін аулақ қылсын дейік. Интернет материалдары  бойынша дайындаған Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ.