06 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1244

436 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2010 жылғы  Астана, Үкімет үйі Теңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Теңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының теңiздегi және iшкi су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз ғылыми-зерттеулерiн жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 маусымдағы № 693 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 219-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов. _________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысымен бекітілген Теңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қа­зақстан Республикасының 2010 жылғы 24 мау­сым­дағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий және Арал те­ңіз­дерінің қазақстандық бөлігінде теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Теңіздегі ғылыми-зерттеулер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсе­рін және олардың қоршаған ортаға салдары мен биологиялық әртүрлілігін зерделеу мақ­сатында жүргізіледі. 3. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақ­стан­дық та, шетелдік те жеке және заңды тұлғалар, ше­телдік мемлекеттік және құзыретті ха­лық­аралық ұйымдар жүзеге асыра алады. 4. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі теңіздегі ғылыми-зерттеулер сала­сындағы құзыретті орган (бұдан әрі – құзыретті орган) болып табылады. 5. Теңіздегі ғылыми-зерттеулер осы Қағи­да­ның қосымшасына сәйкес нысан бойынша құзы­ретті орган берген рұқсатты алғаннан кейін жүргізіледі, онда теңіз ғылыми зерттеулер аума­ғының координаттары, теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу мерзімдері мен өзге де қажетті мәліметтер көзделеді. 6. Теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай теңіз­дегі ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуы мүмкін: 1) экологиялық зерттеулер (мұнайдың тө­гі­луін зерттеу, қоршаған ортаны ластаушылармен күрес жөніндегі әдістер мен технологияларды әзірлеуге байланысты зерттеулер, авариялық жағ­дайларды зерттеу және басқалар); 2) сулы ортаның және мұзды жағдайдың ги­дродинамикасын зерделеу; 3) Каспий теңiзi деңгейiнiң тербелістерін және оның теңiздегi мұнай-газ кәсiпшiлiгi ги­дротехникалық құрылыстарына және жаға­дағы мұнай-газ инфрақұрылымына тигiзетiн әсерiн зерделеу және болжамдау; 4) мұнай операцияларын жүргiзудің су асты әдiстерiне байланысты зерттеулер, сондай-ақ ғылыми-зерттеулер мақсатында бұрғылау; 5) теңіз аясында түрлi құрылыс материал­да­ры­ның жай-күйiн зерделеуге байланысты зерттеулер; 6) су асты кабілдері мен құбырларын төсеу жобасына байланысты зерттеулер; 7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жасанды аралдар, құрылыстар мен қондырғылар жасау жобаларына байланысты зерттеулер; 8) гидрографикалық, геофизикалық және геотехникалық зерттеулер; 9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі опера­ция­ларға байланысты өзге де ғылыми зерттеулер. 2. Теңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізу тәртібі 7. Теңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізуге мүдделі тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) құзыретті органға өтінім береді. Өтінімде мыналар қамтылуы тиіс: 1) заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты; 2) өтiнiш берушiнiң соңғы үш жыл iшiнде өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, оның бұрынғы қызметi туралы ақпарат; 3) теңіздегі ғылыми-зерттеулердің сипаты мен мақсаты туралы ақпарат; 4) теңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен құралдар туралы ақпарат; 5) теңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізу жоспарланатын ауданның географиялық коорди­нат­тары, көрсетілген аудандарға баратын және кері қайтатын маршруттар; 6) зерттеу жүргiзетiн кемелердiң алғашқы келетiн және түпкiлiктi кететiн болжамды күн­дері, ғылыми жабдықтарды орналастыру және шығару мерзiмдерi; 7) теңiздегі ғылыми-зерттеулердiң адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған теңiз аясына тигiзетiн жағымсыз әсерiн шектеу және болдырмау жөнiндегі жоспарланған шаралар туралы ақпарат. Осы ақпаратпен бір уақытта өтiнiш берушi бел­гiленген зерттеулердiң теңiз аясына, минералдық және жанды ресурстарға ықтимал әсерiн бағалау жөнiндегi есептерді ұсынады. Мердігерлік ұйым тартылған жағдайда өтінім беруші осындай мердігерлік ұйымға қатысты осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді береді. 8. Осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін құзыретті орган он жұмыс күні ішінде оларды жер қойнауын зерделеу және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары, өнеркәсіптік қауіпсіздік, кеден ісі және мемлекеттік шекараны қорғауды қамта­ма­сыз ету саласындағы уәкілетті органдарға жібереді, олар отыз жұмыс күні ішінде теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу мүмкіндігіне келіседі. Көрсетілген мерзім қосымша ақпарат ұсы­ну қажет болған жағдайда, бірақ осындай ақ­па­рат алынған күннен бастап отыз күннен ас­пайтын мерзімге ұзартылады. 9. Құзыретті орган осы Қағиданың 9-тар­мағында көрсетілген уәкілетті органдардан келісім алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде те­ңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізуге арналған рұқсатты немесе негізделген бас тартуды береді. 10. Мынадай жағдайларда: 1) егер осы жұмыстар: Қазақстан Республикасының ұлттық қауіп­сіздігіне қауіп төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса; қоршаған теңіз аясын қорғау, табиғи ре­сурс­тарды сақтау, сондай-ақ теңіздердің су ресурс­тарын кешенді пайдалану талаптарымен үйлес­пейтін болса; Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған жабдықты, қондырғыларды немесе іс-қимылдарды қамтитын болса; Қазақстан Республикасының теңіз аква­тория­сының қазақстандық бөлігінде өзінің егеменді және айрықша құқықтарын жүзеге асыруда жүргізетін қызметіне кедергі келтіретін болса; жасанды аралдарды, қондырғыларды және құры­лыстарды салуды, қолдануды немесе пай­далануды қамтитын болса. 2) осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың келісуден бас тартуы болса, өтінім берушіге теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге рұқсат беруден бас тартылады. 11. Бас тартқан жағдайда құзыретті орган бас тарту себептерін көрсетіп, өтінім берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді. 12. Теңіздегі ғылыми-зерттеулерді жүргізуге рұқсат алғаннан кейін өтінім беруші қоршаған ортаға әсерін бағалауды (ҚОӘБ) қамтитын зерттеу жұмыстарының жобасын дайындайды, оны тапсырыс беруші (теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырушы адам) бекітеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган зерттеу жұмыс­та­рының жобасын Экологиялық кодексте белгіленген мерзімдерде қарайды. 13. Теңіздегі ғылыми-зерттеулер тапсырыс беруші бекіткен ғылым және ғылыми-тех­ни­калық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін жіберілетін зерттеу жұ­мыс­тарының жобасына сәйкес жүргізіледі. 14. Зерттеулер бағдарламасында айтарлықтай өзгерістер болған жағдайда, зерттеулерді жүр­гізетін адам он бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға тиісті хабарламаны жібереді. Құзыретті орган хабарлама алған күннен кейін зерттеулерді жүргізетін адамды осы Қағиданың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген тәртіппен осы өзгерістермен келісу немесе келісуден бас тарту туралы хабардар етеді. 15. Теңіздегі ғылыми-зерттеулер аяқтал­ған­нан кейін теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізген адам: 1) теңіздегі ғылыми-зерттеулер аяқталған күн­нен бастап үш айдан кешіктірмей құзыретті органға ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін орындалған зерттеулер нәтижелері бо­йынша ғылыми-техникалық есепті жібереді; 2) жер қойнауын зерделеу және пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уә­кілетті органдарға метеорологиялық, гидро­логиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық ба­қылаулар, қоршаған ортаның жай-күйін, оның ластануын бақылаулар, сондай-ақ теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған рұқ­сатта көзделген жағдайларда басқа да ба­қы­лаулар деректерінің, сондай-ақ олардың ғылыми құн­дылығына зиян келтірмей, Қазақстан Рес­публикасы үшін бөлінуі (бөліп берілуі) мүмкін үлгілердің көшірмелерін ұсынады. 16. Теңіздегі ғылыми-зерттеулер осы Қағи­даның 10-тармағының 1) тармақшасында көздел­ген жағдайлар анықталған кезде құзыретті орган­ның шешімі бойынша тоқтатыла тұрады. Құзыретті орган он жұмыс күні ішінде те­ңіз­дегі ғылыми зерттеулерді жүргізетін адамға тиісті хабарламаны жібереді және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін қажетті мерзімді белгілейді. Теңіздегі ғылыми-зерттеулерді қайта бастау жол берілген бұзушылықтар жойылғаннан кейін құзыретті органның шешімімен жүзеге асы­рылады. Теңiздегі ғылыми-зерттеулердi жүргiзу қағидасына қосымша Теңiздегі ғылыми-зерттеулердi жүргiзуге арналған Р Ұ Қ С А Т 1. _______________________________берілді (жеке тұлғаның Т.Ә.А. , заңды тұлғаның нысаны, атауы) 2. ___________________________________ (теңiздегі ғылыми-зерттеулер жүргiзу аумағының координаттары) 3. ____________________________________ (теңiздегі ғылыми-зерттеулердi жүргiзу мерзімі) 4. Байланыс ұстауға қажет Қазақстан Республикасының жағадағы қызметтері. Тіркеу нөмірі 20__ж. «___»______ № ______ Басшы «____» ____________________ (М.О.)