Сізді не толғандырады?
Өткен жылғы 23 маусымда Премьер-Министрдің атына бір топ депутат «Нұрлы көш» ауылындағы салынған сапасыз үйлер туралы және өз көзімен көрсін деп сол үйлердің суреттерін қоса тіркеп, депутаттық сауал жолдаған едік. Біздің депутаттық сауалымызда көтерілген мәселелерге қатысты арнайы тексеру нәтижесінде бұрнағы жылғы қыста суық, ылғалды болғаны және кейбір үйлердің сапасыз салынғаны туралы кемшіліктер бойынша актілер жасалып, соған байланысты қажетті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын тамыздың 15-іне дейін аяқтау тапсырылып, мәселені тікелей облыс әкімі бақылауына алғандығы жөнінде жақсы хабар алып, іштей қуанып қалып едік. Бірақ, жақында 63 оралманның атынан келіп түскен арызды көріп, қуанышымыз су сепкендей басылды. Красный Яр кентінің жанында орналасқан «Нұрлы көш» ауылы тұрғындарының жылап айтқан зары мен мұңын екінші рет көтеріп, Үкімет басшысының назарына салу мақсатында қайта жазып отырмыз. «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында салынған сапасыз үйлер туралы ұлттық телеарналар да арнайы репортаж дайындап, назарға ұсынғандарын көріп, куә болдық, ал «Қазақстан заман» газетінде екі мәрте көлемді мақала жарияланды. Ашынған ауыл тұрғындарының: «Енді тек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазып жолдаудан басқа амалын көріп тұрған жоқпыз», – дегенін көзіміз көрді. «Баяғы жартас – бір жартас» дегендей, мынандай көзбояушылыққа не айтарымызды білмей, сол құрылысты жүргізген мердігер мырзаны бір ай бала-шағасымен өзі салған үйлердің біріне тұрғызса, «мүмкін басқаша ойланар ма еді?» деген де ой келді. Не істерлерін білмей, тығырыққа тірелген, көздері мұңға толған бауырларымыздың жүздеріне қарап, осы сапасыз салынған үйлерді біз салғандай күй кештік. Қыс болса, қылышын сүйретіп, бірден қатты суығын ала келді. Ауыл тұрғындары: «Көптеген оралмандар қыстап шығуға Астана және басқа қалаларға амалсыздан кетіп жатыр» дегенді айтты. Сонымен бірге, оралмандардың жұмыссыз жүргендері де жетерлік екен. Жазда «екі қолға – бір күрек» деп жұмыс тауып істеп, ал қыста жаппай жұмыссыз отырғандарын да алдымызға тартты. «Нұрлы көш» бағдарламасының қабылданғанына екі жылдың жүзі болды. Бағдарлама атына заты сай болар деп күттік. Алайда, қазіргі таңда бұл бағдарламаның да шикіліктері анықталып, шеттен келген қандастарымызға шарапатынан гөрі кесірін тигізіп жатқаны алаңдатушылық туғызуда. Өйткені, берілген үйлер арзанқол құрылыс материалдарынан салынып, қысқы айларда олардың суық, жайсыз жағдайлары көптеп кездесуде. Сонымен қатар, жұмыссыз отбасылар ай сайынғы несиені төлеуге қауқарсыз болып отыр. Соған байланысты алдағы уақытта осындай тұрмыстық-әлеуметтік мәселелердің түйіні қалай шешілмек? Елбасының қолдауымен әзірленген бағдарламаға тағар айып жоқ – сырттан келген ағайындар үшін сәтті жасалған. Сондықтан, атқарушы билік органдары мемлекет тарапынан оралмандарға көрсетілетін көмекті, әйтеуір, айтарға, жай ғана есеп үшін емес, қандастарымызды өзімізбен терезесі тең, еліміздің келешегіне өз үлесін қосатын, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» ағайын ретінде қабылдап, бауырға басу қажет. Бұл – біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің, демографиялық дамуымыз бен жарқын болашағымыздың кепілі. Келген ағайындарымыздың жергілікті жерлерде құқықтарының сақталуына, олардың ортаға бейімделіп, кірігуіне, республикалық бюджет есебінен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуына баса назар аударған жөн деп есептейміз. Құрманғали УӘЛИ, Мәжіліс депутаты.Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Президент • Бүгін, 14:09
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 13:24
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56