03 Наурыз, 2016

Қазақстандықтар

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Оңтүстік Америкадағы ең биік шыңды бағындырды 02-03-2016-Жұмаев 01Мақсұт Жұмаев бастаған қазақстандық альпинис­тер Оңтүстік Америка құрлығындағы ең биік нүкте – Аконкагуа шыңын (Аргентина) бағындырды. Бұрнағы күні, яғни, 1 наурызда Астана уақытымен таңғы сағат төрт шамасында жерлестеріміз байланысқа шығып, әлемнің тағы бір шыңына қазақтың көк байрағы тігілгені туралы қуанышты хабарды жеткізді. Теңіз деңгейінен 6962 метр биіктікте орналасқан шыңды бағындыру үшін альпинистер 15 ақпанда Алматыдан аттанған болатын. Экспедиция құрамына Мақсұт Жұмаевтан бөлек, тағы екі қазақстандық – Мағжан Сағым­баев пен Иван Борода енді. Ұшақпен Аргентинаның Мендоса қаласына жеткен олар сол жерден көздеген мақсаттарын іске асыру үшін жолға шықты. Бастапқы жоспар бойынша діттеген жерге бірнеше күнде ғана жету көзделген еді. Алайда, қолайсыз ауа райы мен ұйытқып соққан жел уақыт кестесін өзгертуге мәжбүр етті. Тіпті, жел­­­дің салдарынан соңғы күн­­гі шыңды бағындыру сапары 11 сағатқа созылғанын атап өткен жөн. Экспедиция бары­­сын­да кездескен басқа да қиын­шы­лық­тар жөнінде Мақсұт Жұмаев­тың өзі жіберген хабарламасында былай дейді: «Шыңды бағындырғаннан кейін базалық лагерьге түсуіміз керек екені белгілі. Алайда, жоғары өрлеу кезінде алып шыққан суымыз таусылып, қайтарда сусыз түсуге мәжбүр бол­дық. Одан бөлек, түн ортасында оянуымыз үшін қажет уақытқа қойған қоңыраулы сағатымыз істен шығып, ұйқымыз қанбай қалған кез де болды. Оның үстіне, Мағжан үшін бұл – бірінші сапар. Оның да өз әсері болды». Бұл экспедицияның бұрын­ғылардан бір артықшылығы, әлеу­меттік желі қолданушылары альпинистердің сапарын тікелей бақылап отыруға мүмкіндік алды. Одан бөлек, Whats’App мобильді қосымшасында топтың жағдайын онлайн жүйеде хабарлап отырған арнайы чат жұмыс істеді. Мұндай мүмкіндікті спортшыларға осы сапарға тікелей мұрындық болған Қазақ географиялық қоғамы мен Kaspi Bank жасап берді. Айрықша айта кетер жайт, Мақ­сұт Жұмаев – тек Қазақстанның емес, әлемнің бірегей альпинисі. Оның есімі Жер бетіндегі 8000 метрден асатын барлық 14 шыңды қосымша оттегісіз бағындырған әлем­дегі 12 альпинистің бірі ре­тінде жазулы тұр. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».  
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20