03 Наурыз, 2016

Отандасымыз әлемде бірінші болып робот-альпинист моделін ойлап тапты

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Робот-альпинистАзамат Ешмұ­хамедов адамдарға қолғабыс ететін кәдімгі робот ойлап тапты. Айтуынша, қолдан құрастырылған ямабот жоғарғы қабілетке ие, оның әлемде теңдесі жоқ. – Мен бұл инновациялық жобамды алғашында көп қырлы машина түрінде өнеркәсіп мақсатында құрастырдым. Се­бебі, оны құрылыста, көлік құрас­­тыру, фармацевтика мен медицина салаларында пай­далануға болады, – дейді Азамат Ешмұхамедов. Сондай-ақ, өнертапқыш мұндай машиналарды құрастыру мен шығару біздің экономикамыз үшін ти­імді екенін айтып, бұл ел да­муы­ның жаңа қыры дегенді алға тартты. Айта кетейік, қазіргі таңда Азаматтың «ақылды» роботына Жапониядағы Токай уни­верситеті қолдау танытып отыр. Өйткені, аталған жобаның әрбір үлгісі осы оқу орнының зертханасында жасалған. Ал автор ямаботты елге келгесін, сы­нақтан өткізуді жоспарлап отыр. – Роботты қаласақ та, қала­масақ та, ол – біздің бола­шағымыз. Ол бәрібір өмірімізге енеді. Кейін сан соғып қалмас үшін қазір жұмыс жасауымыз қажет. Мен қазақстандық жастардың осындай машиналарды құрастыруға бет бұрғанын қалаймын, – дейді ол. Азамат – «Болашақ» бағдар­ла­масының стипендиаты. Бүгінгі таңда студент Жапонияда білім алып жатыр. Жалпы, отанда­сымыз алты айдан кейін елге оралып, жобасы бойынша жұ­мысын жалғастырады. Со­нымен қатар, өнертапқыш яма­ботты өнеркәсіп альпинизмі саласына пайдаланып, зәулім ғимараттардың терезесін жуу, сыртын тазалау секілді қауіпті міндеттерді орындауға ба­ғыт­тамақ. Төребек ТҰРМАНОВ.