03 Наурыз, 2016

2016 және 2020 жылғы Олимпиада астаналарын таңдауға қатысты дау туды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-2016-olimpiada 01АСТАНА. 3 наурыз. Франция прокуратурасы 2016 және 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астаналарын таңдау кезіндегі іс-әрекеттерге қатысты тергеу жұмыстарын жүргізбек. Бұл туралы euronews.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұндай іске IAAF-тың (Жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы) бұрынғы президенті Ламин Диактың ұлы Пап Массат Диактың әрекеті себеп болып отыр. Тиісті орындардың айтуынша, ол қажетті үміткерге дауыс беруге дайын болған ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті) мүшелеріне сәлемдеме жіберген болуы мүмкін. Қазіргі таңда Массат Диакка Интерпол арқылы іздеу жарияланды. Бүгінде оның Сенегалда екені белгілі болса да, аталған ел кіші Диакты экстрадициялаудан бас тартып отыр. Ал ХОК-тың өкілі Марк Адамс дауыс беру кезінде жемқорлық немесе парақорлықтың қатысы болғанын жоққа шығаруда. Ол бұл жөнінде: «Қазіргі кезде мұндай істің болғанына ешқандай дәлел жоқ. Егер айғақ дүниелер табылса, біз де өз тарапымыздан әрекет етеміз», – деді. Айта кетейік, 2016 жылғы, яғни, биылғы Олимпиада Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтсе, төрт жылдан кейін Ойындар алауы Жапония астанасы – Токио қаласында тұтанады. Рио Ойындарының басталуына бар болғаны бес айға жуық уақыт қалды. Егер Бразилияның Олимпиаданы өткізу мәртебесін әділетсіз жолмен иемденгені дәлелденсе, істің қалай өрбитіні белгісіз. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: euronews.com.