03 Наурыз, 2016

Елбасы «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысын қабылдады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-2016-Elbasy 02АСТАНА. 3 наурыз. Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына ұлттық компанияның 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады. Кездесуде өндірістік-қаржы қызметі мәселелері қозғалып, компанияны дамытудың негізгі бағыттары бойынша дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.