03 Наурыз, 2016

Степногорда әлеуметтік мұқтаж жандарға 128 бөлме беріледі

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-2016-memarandumАҚМОЛА. 3 наурыз. Қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің бастамасымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға қолайлы жағдай тудыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әлеуметтік маңызды шара атқарушы орган мен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Алғашқы құжатқа қала әкімі Әнуар Күмпекев, «Степногрск Энергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Шалекенов және «Феникс ЛТД» серіктестігінің директоры Фаиль Машиков қол қойды. Осыған сәйкес, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қала үйлерінің бірінен 16 бөлме берілетін болды. Сондай-ақ, 128 бөлме беру жөніндегі шешім бекітілді. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: қала әкімінің баспасөз қызметі.