03 Наурыз, 2016

Актриса Наталья Крачковская қайтыс болды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-2016 nataliyaАСТАНА. 3 наурыз. Танымал актриса Наталья Крачковская Мәскеуде ауруханада 78 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Актриса 28 ақпан күні жүрек ауруына байланысты ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы тым ауыр болған. Наталья Белогорцева актрелер отбасында дүниеге келген. Анасы Натальяның архив қызметкері болғанын қалады. Осыған байланысты мектеп бітіргеннен кейін тарих-архив иснтитутына және де Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтына тапсырған. Ол киноға 1959 жылдан бастап түсе бастады. Көбіне эпизодтық рөлдерді сомдаған. Алғаш рет басты рөлді Сергей Казаковтың «Дала тыныштығында» картинасында ойнаған. Ал ең үлкен киносы режиссер Константин Войновтың «Бальзаминовтың үйленуі» болды. Наталья Крачковская 90-нан астам лентаға түскен. Көбіне екінші пландағы образдарды сомдады. Олардың арасында «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді», «12 орындық», «Бұл көңілді планета», «Покров қақпалары» ерекше орын алады. Ол 1961-1967 жылдары кинодағы қызметімен қатар, КСРО металлургия институтында лаборант, 1974 жылға дейін Мәскеу мемлекеттік университеті геология кафедрасының лаборанты болып жұмыс істеді. 1970-1980 жылдары Иванов филармониясында, артынша «Москонцертте» артист болды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: novosti-tchasa.com.