05 Наурыз, 2016

104-ші көктем

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
каз.Still009Степногор қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында Қатира Нұрмағамбетқызын 104 жасқа толуымен құттықтады. Степногор қаласында көп жасаған кісілер аз емес. Олар­дың ішінде Қатира Мусина әжей көш бастап тұр. Қатира Нұрмағамбетқызы 1912 жылы Ерейментау ауданындағы Өлеңті ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында күйеуі майданға аттанған Қ.Мусина Торғай кенішіндегі шахтада жұмыс істейді. Одан кейін осындағы автобазада еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Өмірлік жолдасы қан майданнан оралмай, 7 бала тәрбиелеген қарт ана бүгінде 38 немере, 65 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. Қатира әжейдің бүгінде 77 жасқа толған үлкен қы­зы Мәруаш апай 11 бала тәр­биелеп, «Батыр ана» атағын алған. Қазіргі таңда қарт әжей кенже ұлы Кенжебек пен келіні Салтанаттың қолында тұрады. Ғасыр жасаған аяулы ана қала басшылығымен емен-жарқын әңгімелесіп, көр­сетілген сый-құрметке риза­шылығын білдіріп, ақ батасын берді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Степногор қаласы.