Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы бөлімшесінде жас журналистердің «Қаламгер Азамат» қоғамдық қоры елімізде сайлау қарсаңында «Сенің дауысың – сенің болашағың!» атты постерлер байқауы жарияланып, бүгінде бағын сынаушылар саны 200 қатысушыдан асып отырғандығын мәлімдеді.
Конкурсты ұйымдастырушылар байқауға Астана, Алматы, Павлодар, Жамбыл және Атырау аймағының 18 бен 25 жас аралығындағы тұрғындардың көптеп қатысып отырғанын жеткізді. Олардың айтуынша, елімізде мемлекеттің болашағы үшін үн қосатын жастар саны жыл санап өсіп келеді.
EL.KZ әлеуметтік желісінде ашылған Sailau2016.el.kz интернет-алаңшасы арқылы бұл байқауға қатысамын деушілерге барлық мүмкіндіктер жасалған. Осы әлеуметтік жүйе арқылы интернет қолданушылар байқауға келіп түскен туындыларға дауыс беріп, жеңімпазды да өздері іріктейтін болады. Іріктелген үміткерлердің ішінен жеңімпазды Қазақстан эстрада жұлдыздары мен белгілі БАҚ өкілдерінен және шығармашыл жастардан құралған әділ қазылар тобы анықтайды.
Наурыз айының 18-інде «Сенің дауысың – сенің болашағың!» постерлер байқауының жеңімпаздары жария етіліп, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше