Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Алматыдағы штабында партияның белсенділері сайлаушылармен кездесті. Алдымен сөз алған партия жетекшісі Жармахан Тұяқбай партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, науқанды жұмыстың осы бағдарлама талаптары аясында қызу жүріп жатқанын айтып өтті.
Еліміз үшін өндіріс әлеуетін ішкі даму мақсаттарына қарай бұру, инновациялық экономикаға жол ашу керек деген партия жетекшісі бұл орайдағы ой-тұжырымын төмендегіше жеткізді. «Бүкіл ішкі экономикалық және адам ресурстарының мүмкіндігін пайдаланып, дамуға соны серпін беру керек. Қазақстан – бай мемлекет. Ең бастысы, сол байлықтың талан-таражға салынуына жол бермеуі тиіс. Жемқорлыққа тосқауыл қойылып, елде бар басқа да резервтерді дұрыс пайдалану қажет. Ол үшін Қазақстанда мүмкіншілік зор».
Газет тілшісінің партия бағдарламасындағы табыстың белгілі бір бөлігін қазынаға құю туралы қағидатты шараларға орай қойылған сауалына партия жетекшісі былай деп жауап қайтарды.
– Бұл – бизнесмендерге салынатын салық емес, асып-тасқан байларға салынатын салық теңгермелі түрде көбеюі керек деген сөз. Ондай тәжірибе дүниежүзінің барлық өркениетті мемлекеттерінде бар. Табыс неғұрлым көп болса, елге, халыққа соғұрлым пайдасын тигізеді.
– Осы талаптарға қатысты бүгінге дейін үн қатқандар бар ма?
– Меніңше, оған қарсы келетін ешкім жоқ деп ойлаймын.
Бизнесмен Рахым Айыпұлы 2007 жылдан бері ЖСДП-ның мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат біздің сауалымызға ынтасымен жауап берді.
– Бұл партияның қатарындағы азаматтар да өздерін еліміздің патриоты санайды. Олардың қатарында өзім де бармын... Өз басым сыртта жүрген қандастарымыздың елімізге бағытталған көшінің тоқтамағанын қалаймын. Сайлау додасына түсіп жатқан алты партияның ішінде сырттан келген қандастарымыздан қанша үміткер бар екені туралы мен айта алмаймын. Дегенмен, Ұлы көшті өз басынан өткізген азаматтардың Парламент мүшесі болғаны дұрыс деп санаймын. Сөз реті келіп тұрғанда өзімнің алыстан келген ағайынның бірі екенімді айта кетейін.
Төраға мен оның әріптестері Айдар Әлібаев, Тазабек Сәмбетбай сайлаушылардың басқа да сауалдарына жауап қайтарды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Кей мамандықтар бойынша докторантураға түсу талабы өзгерді
Ғылым • Бүгін, 19:58
Елде фермерлерге арналған тікелей сатып алу бағдарламасы басталды
Шаруашылық • Бүгін, 19:35
Атырау облысында 4 күннен бері із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі табылды
Қоғам • Бүгін, 19:17
Көлік министрлігі қысқы әуе рейстерінің неліктен жиі кешігетінін түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 18:56
«Әскер тарланы»: үздік әскери қызметшілер марапатталды
Қоғам • Бүгін, 18:42
Қоғам • Бүгін, 18:17
Ел тұрғындарының орташа айлығы 120 мың теңгеден аспайды
Экономика • Бүгін, 17:59
Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?
Оқиға • Бүгін, 17:57
«Аватар. От пен күл» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 17:51
187 сирек құжат: тарихымыздың қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро аударады
Саясат • Бүгін, 17:35
2025 жылы ел өмірінде қандай өзгерістер болды?
Қоғам • Бүгін, 17:30
Жоғары білімді адамдардың көбеюі ұлттық жинақ деңгейін төмендете ме?
Экономика • Бүгін, 17:25