Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Меруерт Қазбекова ардагерлердің арнайы емханасында болып, медицина қызметкерлерімен және ем-шара қабылдаушылармен кездесті. Кездесуге 35 адам қатысқан жиынды «Ақ жол» партиясының облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Серік Бейсембаев ашты.
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған үміткер Меруерт Айтқожақызы – Көкшетаудағы алғашқы әрі табысты кәсіпкер қыздардың бірі. Осыдан болса керек, кездесу барысында ашық-жарқын әңгіме қозғалып, сан-алуан пікірлер ортаға салынды.
Меруерт Қазбекова өз сөзінде «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталып, негізгі ұстанымдарға түсінік берді. Ол партияның еліміздегі орта тап өкілдерінің мүддесін қорғайтынын, қазақстандық бизнесті дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуына белсене қатысатынын, жұмысшы кадрларын даярлау және ауыл жастарының мамандық алуы мен жұмысқа орналасуына қолдау көрсететінін атап өтті.
Медициналық қызметтің сапасы жөніндегі ойларын ортаға салған Мәжіліс депутаттығынан үміткер М.Қазбекова жиналғандардың назарын денсаулық сақтау мекемелерін білікті мамандармен қамтамасыз ету, емханалар мен ауруханаларды заманауи жабдықтармен нығайту, медициналық сақтандыруды енгізу мәселелеріне аударды. Үміткердің пікірінше, демократиялық қоғамды дамыту Парламент жұмысының сапалық жағынан жаңғыртылуына, билік органдарының халық алдында есепті болуына, шенеуніктер қызметінің ашықтығы мен олардың өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігіне байланысты болмақ.
Кездесу соңында жиналғандар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға Мәжіліс депутаттығынан үміткерден тұщымды жауаптар алынды. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттығына «Ақ жол» партиясынан ұсынылған үміткерлер Меруерт Қазбекова мен Әсет Атабаев өз партияластары ұйымдастырған «Ақ жолдың» шағын футболдан кубогын сарапқа салу жарысының ашылуында болып, құттықтау сөз сөйледі. Көкшетау қаласында жаңадан салынған «Триатлон» спорт кешеніндегі спорттық шараға 5 команда қатысты. Тартысты өткен бәсекеде қалалық мәслихат депутаттығынан үміткерлердің «Бақыт-Марат» командасы бірінші орынды, қала жастарының «Фортуна» құрамасы екінші, демократтардың жергілікті «Ақ жол» командасы үшінші орынды иемденді. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше