05 Наурыз, 2016

Жас жазушының жолы ашылды

403 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG-20160127-WA0004Талдықорғанда «Абай жә­не ХХІ ғасыр» халықаралық клу­бының президенті, танымал жазушы-бас­пагер Роллан Сей­сенбаевтың «Менің 100 кі­табым» атты се­риясы­мен шыққан Нұрсұлтан Назарбаев: «Книга раздумий», Жүсіп Ба­ласа­ғұн: «Ақыл кітабы», «Деш­ті-қып­шақ жырлары», Әбу Насыр әл-Фа­раби: «Қайырымды қала» және орыс тілінде жазатын жас қа­ламгерлер кітаптарының тұсау­кесер рәсімі өтті. Оны Сә­кен Сейфуллин атындағы Ал­маты об­лыстық әмбебап кітапханасының ұжымы ұйым­дастырды. Халықаралық Абай клубы мен Роллан Сейсенбаев «RS» Баспа үйі әлем әдебиетінің жаңа кітапхана сериясын өмірге әкелгенінің қуа­нарлығы сол, бұл сериямен шық­қан кітаптар Қазақстан жастарына арналған. Ерекше айтар жайт, бұл туын­дылардың әр­қай­сысы белгілі тұл­ғалар – Жү­сіп Баласағұн, әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Сүйінбай Аронұлы мен Жам­был Жабаев сынды бел­гілі тұл­ғалардың шы­ғармалары мен еңбектерін қамтып, соны леп естіреді. «Қазақтың жас қаламгер­лерінің арасынан сұрыпталып, шоқ­тығы биік болған «Ха­бар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі, жетісулық Әділхан Саха­риевтің «Синдром Кентавра» атты повесі «Менің 100 кітабым» сериясы бойынша алдыңғы кезекте баспамыздан басылғанын ерекше атап өткен дұрыс. «Синдром Кен­тавра» повесі Ресейдің 2014 жыл­ды қорытындылаған « Орыс сый­лығы» атты ұзын параққа ен­гізілгенін мақтан тұтуға болады. Біле-білсек, бұл Ресейден тыс елдерде тұрып орыс тілінде жазатын авторларға берілетін жалғыз әдеби сыйлық болып саналады. Сондай-ақ, Әділхан Сахариевтің бұл повесі Ресейдің «Новый мир» атты әде­би журналының был­тырғы жыл­ғы шілде айындағы санында толығымен жарияланғаны тағы бар», деді «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, танымал жазушы-бас­пагер Роллан Сейсенбаев. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, Егемен Қазақстан». Талдықорған.