05 Наурыз, 2016

Дэвис Кубогы. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан Сербиямен тең түсті (фото)

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-03-2016-tennis 03АСТАНА. 5 наурыз. Белград қаласында теннистен Дэвис Кубогының 1/8 финалы шеңберінде Сербия мен Қазақстан арасында кездесу өтуде. Алғашқы күнгі қорытынды бойынша есеп – 1:1. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бірінші матчта әлемнің ең үздік теннисшісі, серб Новак Джокович пен қазақстандық Александр Недовесов кортқа шықты. Үш сетке жалғасқан ойында Джокович 6:1, 6:2, 6:3 есебімен басым түсіп, командасын алға шығарды. Алайда, екінші ойында отандасымыз Михаил Кукушкин қарсыласы Виктор Троицкиді жеңіп, таразы басын теңестірді. Бұл кездесу де үш сетке жалғасты. Тартысты ойын нәтижесінде Кукушкин 7:5, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді ертең қос команда жұптық айқаста күш сынасады. Бұл сында Сербия тарапынан Новак Джокович пен Ненад Зимонич шықса, Қазақстан құрамасының капитаны Дияс Досқараев Андрей Голубев пен Александр Недовесовке сенім артып отыр. Аталған ойын 5 наурыз күні сағат 19:55-те басталады. Матчты тікелей эфирде KazSport телеарнасы көрсетеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: daviscup.com. 04-03-2016-tennis 07 04-03-2016-tennis 05 04-03-2016-tennis 06 04-03-2016-tennis 02 04-03-2016-tennis 04 04-03-2016-tennis 08