– дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, полиция майоры Салтанат ӘЗІРБЕК
– Салтанат, еліміздегі ең үлкен қаланың қылмыс әлемінің бар мәліметін айнадан қарағандай етіп қолыңызда ұстап отырсыз. Сондайлық нәзік жан бұған қалай бейімделді, қалай келді, әңгімені содан бастасақ?!
– Балабақшада ұл балалар ұшқыштың киімін киіп, қыз балалар қолдарына қуыршақ ұстап суретке түсетін дәстүр болған. «Мен қуыршақ ұстамаймын, ұшқыштың киімін киемін...» деп алғаш шу шығарған мен екенмін. Осы менің өмірлік арманымның бастамасы болған секілді. Заң академиясының тергеу-криминалистика факультетін бітірдім. Полициядан орын табылмасын сезіп, «Оңтүстік Астана» телеарнасында «Қылмыс хроникасы» бағдарламасына жұмысқа тұрдым. Оқуды бітіріп 2003 жылдың мамыр айында алғаш рет полиция киім үлгісін киіп сапқа тұрдым. Қазіргі министріміз Қасымов мырза менің осы бағытқа бейім екенімді байқаса керек, бүгінгі қызметіме алдырды.
– Қазір кез келген қылмыстық оқиға алдымен интернеттен көрініс табады. Соның ақырында, жасыратын несі бар, БАҚ өкілдері Салтанат Әзірбектің ақырғы мәліметін тағатсыздана тосады...
–Ресми мәлімет қай кезде де ауадай қажет. Әсіресе, құқық саласында. Әлеуметтік желілер бізге бір жағынан қылмысқа қатысты тез құлағдар болуымыз үшін көмегін де тигізеді, екінші жағынан – елді дүрліктіргендей болып жұмысымызды күрделендіріп жібереді. Соңғы кезде жалған ақпараттарды жариялау жиілеп кетті. Көпшілік 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Қылмыстық кодексінде ол үшін қатаң жазаланатынын білмейді. Бізде оны талдайтын, мониторинг жасайтын бөлім бар. Тек соңғы мәліметтер таратамыз.
–Тағы да интернет... полицияны шалып құлатып, жағасын жұлып-жыртып жатқандар әлеуметтік желілерде көрсетілді. Бұл көріністерден сырттай бақылап не ұғынамыз – полицияның қауқарсыздығы ма, әлде Заңның шектеуі ме?
–Заң бойынша полиция қызметкері тек күш қана емес, тапаншасын да қолдана алады. Бірақ, белгілі себептерге байланысты оған жол бермейді. Кейде қызметкерлерімізге тоқпақты қабылдап, бетін тырнап, иығынан жұлқылап жатқан қыз-келіншектердің дөрекілігін көтеруіне тура келеді. Өркениет жолындамыз ғой...
– Тапанша демекші, сіздің мергендігіңіз туралы сүйсіне айтатын әріптестеріңіз көп...
– Иә...Тапаншадан атудан мен тек «бес» деген баға аламын! Үш оқ, көрсеткіш – 30 болса, менің межем – 27-ден ешуақытта кем түскен емес. Қолым қалт еткенде кәсіби тирге баруды ұмытпаймын...
– Тамаша, құттықтаймын... Сіз Қазақстанның барлық бұрышына өте бір танымал жансыз. Жай өмірде танымалдықтың пайдасы тиіп көрді ме?
– Әрине, теледидар арқылы! Менің өзімнің байқауымша, халық криминалды деректерді қалт жібермейді... Кейде көлікте жылы жүзбен бас изесіп жататындар, дүкенге барғанда сәлем беріп, базарда затын арзандатып ұсынып ұялтатындар бар... Рахметімді айтамын. Ыстық ықылас жаныңа жағымды әсер етеді. Жауапкершілікті еселей түсесің...
– Бір сауал бар, жөн деп таппасаңыз жауап бермеуіңізге болады. Сіздің көптеген көрермендеріңізден әлденеше рет естігенім: «Салтанат бұрын толық еді... қазір Голливудтың актрисасындай, қуыршақтай болып қалды. Не болды, ауырмай ма?» деген сөздер...
– Иә, иә... Бұл сұрақты маған да жиі қояды. Аллаға шүкір, аурудан саумын. Ойлана келіп, өзім осындай қадам жасадым... Жүйелі спорт жаттығуының пайдасы. Тамақтану мәзірімді де өзгерттім. Спорт, спорт, спорт...
– Балалар демекші... Отбасыңыз туралы айтыңызшы?
– Алла берген 7 жасар қызым, 6 жасар ұлым бар. Күйеуім бәріміз ата-енемнің қолында тұрамыз. Қолдап отырады. Шымкентте тұратын анам – Оқу ісінің үздігі, үнемі келіп-кетіп, желеп-жебеп жүреді...
Әңгімелескен
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген ЮРИЙ БЕККЕР.

Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты
Әлем • Бүгін, 14:32
Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады
Қоғам • Бүгін, 14:05
АҚШ Сирияда Ислам мемлекеті содырларының нысандарына соққы жасады
Әлем • Бүгін, 13:45
Елдегі ақылы жолдармен қанша көлік жүрді
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Қазақстанның түркі елдеріне экспорты 7,6 млрд долларға жетті
Экспорт • Бүгін, 12:55
Қазақстан халқы ақпан айында қалай демалады
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қызылордада бір күнде екі көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 12:02
Шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • Бүгін, 11:43
СҚО-да төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты болды
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:21
Ирандағы наразылықтар: мешіттер өртеніп, құрбандар туралы мәлімет тарады
Әлем • Бүгін, 11:12
Вашингтон Венесуэланың мұнай саласына 100 млрд доллар инвестиция салады
Әлем • Бүгін, 10:58
Ыстанбұлда танымал түрік актері Джан Яман ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:32
Маңғыстауда Бозжыраға апаратын автожолдың құрылысы басталды
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:03
Әлімханұлының В допинг-сынамасы нәтижесіне қатысты федерация түсініктеме берді
Спорт • Бүгін, 09:48
Атырау маңында жоғалған отбасы оқиғасы: іздеу жұмысы қалай жүріп жатыр
Қылмыс • Бүгін, 09:18