05 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №111

2039 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы №241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын: 1. «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазан айларында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде: 13-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) құқық белгілейтін құжатта көрсетілген сәйкестендіру сипаттамаларының «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйедегі мәліметтермен сәйкес келуіне». 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыру бойынша шаралар қабылдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ә.Исекешев 2015 жылғы «__» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Е.Досаев 2015 жылғы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10541 болып енгізілді.