Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда.
Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз.
Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Таулы Қарабақ мәселесін реттеу бойынша Минск тобының күш-жігерін қолдай отыра, жанжалды тек қана бейбіт жолмен шешу қажеттілігі жөнінде ұстанымымызды қайта растаймыз.
Қазақстан Республикасы Таулы Қарабақ мәселесінің пәтуалық шешімдерін іздеу үдерісін жандандыра түсуді жақтайды және жанжалды реттеуде ілгері жылжу үшін мүдделі тараптардың сындарлы көзқарас танытатынына сенім артады.