05 Сәуір, 2016

Фукусиманың тұрғындары елес қалаға қайтып келе жатыр (фото)

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05.04.2016 AST АСТАНА. 5 сәуір. 2011 жылы Жапонияның Фукусима қаласында адам айтқысыз апат болғаны белгілі. Сол кезде мыңдаған адам қаланы тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жақында Carlos Ayesta мен Guillaume Bression агенттіктерінің фотографтары осы қалада болып, туған қаласын қимай жүрген бірнеше адамды суретке түсіріп алды. Қазір қалада ешкім тұрмайды. Апаттан кейін 5 жыл өтсе де адамдардың тастап кеткен заттары сол күйінде тұр. Дегенмен атом электр стансасындағы апаттан кейін радиация әлі де сақталып тұрса да өзі тұрған үйге, жұмыс істеген жеріне қайтып келгісі келетін адамдар баршылық. Мына суретте сол адамдардың бірнешеуі түсірілген. Carlos Ayesta мен Guillaume Bression агенттіктері суреттерді «Біздің жолмен жүріңдер» жобасы аясында түсірген. Дастан Кенжалин. Дерек, фото:mirfactov.com 05.04.2016 AST-1 05.04.2016 AST-2 05.04.2016 AST-3 05.04.2016 AST-4 05.04.2016 AST-5 05.04.2016 AST-6 05.04.2016 AST-7 05.04.2016 AST-8 05.04.2016 AST-9