05 Сәуір, 2016

Ақтауда жантүршігерлік қылмыстық оқиға орын алды

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-04-2016-aktauАҚТАУ. 5 сәуір. Ақтауда жантүршігерлік қылмыстық оқиға орын алды. Бұл туралы lada.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 4 сәуір күні кешке таман Ақтау қаласының 11 шағын ауданында орын алған. Тұрғындардың айтуынша, №31 үйдің ауласынан біреулер пышақтап кеткен ер адамды көрген. Ал сол сәтте көрші №30 үйдің кіреберісінен ес-түссіз жатқан тағы бір ер адам табылған. Оқиға орнына келген дәрігерлер 1991 жылы туған жас жігітті пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ, оқ тиген жігіт оқиға орнында қайтыс болды. Куәгерлер мылтықтың дауысына ұқсас оқыс дауысты естігенін, терезеден қарағанда қан-жоса болып жатқан жігітті көргендерін айтуда. Қазіргі уақытта полицейлер, криминалистер және прокуратура қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: lada.kz. 05-04-2016-aktau1