Семейлік кәсіпкер Рафаиль Хазипов қыстың аязды күндеріне қарамастан жылыжай салып, кәсібін дөңгелетуде. Кәсіпкер аумағы 400 шаршы метрден асатын жылыжайда, көкөніс пен гүл өсіруде. Және жұмысқа бірнеше мүгедек, кембағал адамдарды да алып, олардың уақыты тиімді әрі пайдалы өтуін қамтамасыз етіп отыр екен. Бұрындары қаладағы гүл дүкендеріне гүлдер шеттен немесе оңтүстік облыстардан тасымалданатын. Енді, міне, кәсіпкер Рафаиль Хазипов тұрғындарды арзан өніммен, ал қаланы көгалдандырушы мекемелерді қажетті көшеттермен, небір әдемі гүлдермен қамтамасыз етуді жолға қоймақ. Қазірдің өзінде жылыжайда қызғалдақ пен сарғалдақ сияқты гүлдер алғаш бүр жара бастады.
– Гиацинт деген гүлді де өсіріп жатырмыз. Жылыжайдың ыңғайлы болуының арқасында дәл қазір далада салқын екенін гүлдер мүлде сезбейді, – дейді осындағы агроном Рауия Даниярова. – Мына көріп тұрған қатарларыңыз үш, төрт қатарға дейін көбейеді. Шаруашылықтың болашағы бар. Зерттеулер бойынша гүлдердің жылыжайдағылары да, бөлмедегі өсімдіктері де адамға игі әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі, қазтабан гүлі ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді дейді зерттеушілер. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл-күйін бірқалыптылыққа бейімдейді екен. Қазтамақ гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені, бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен ризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Рафаиль Хазиповтың айтуынша, қала әкімдігі мен көптеген мекемелерден гүл көшеттеріне тапсырыс қазірден бастап түсіп жатыр. Жергілікті жылыжайда өсірілген гүлдер биыл 2 мың шаршы метр аумаққа егілмек. Бұл өзге өңірлерден сатып алғаннан әлдеқайда пайдалы. Жылыжайда жиырмаға жуық адам жұмыс істейді десек, басым көпшілігі дені мүмкіндігі шектеулі жандар. Тұрақты жалақымен қамтылып, тәжірибесі жоқтары бағбандыққа үйреніп жатыр.
– Қараша айынан бастап, осы жерде еңбек етіп жатырмын, – дейді ІІІ топтағы мүгедек жан Татьяна Свистунова. – Құлағы нашар еститін бірнеше адамды жұмысқа алды. Қазірде гүл баптаудың қыр-сырын меңгеріп қалдым.
Рафаиль Хазипов жылыжай құруды көп жылдан бері жоспарлап келген екен. Қазір жаңа шаруашылығының аяқ алысы жаман емес. Гүлден басқа жылыжайда көкөністің түр-түрі егілген. Себебі, сырттан тасымалданатын қымбат көкөністен гөрі дәм-сапасы келісті отандық, арзан өніммен тұтынушыларды қамтыған аса пайдалы, дейді ол. Қазір ол жоспары біртіндеп іске асуда. Бүгінгі күнде гүлдермен қатар мұнда қызанақ, қияр, пияз бен аскөк те өсіп жатыр.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10