07 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №8-2/230

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 17 наурыз,  Астана қаласы Ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________ Т.Дүйсенова 2015 жылғы 30 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 19 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 3 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 8-2/230 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесі 1. Агроном 2. Ветеринариялық дәрігер 3. Ветеринариялық фельдшер 4. Ветеринариялық техник 5. Зоотехник 6. Инженер-технолог 7. Балық өсіруші 8. Технолог 9. Фермер Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10841болып енгізілді.