Оқиға • 31 Желтоқсан, 2020
Өткен ширек ғасыр ішінде бүкіл мемлекеттік басқару жүйесі мен тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың табандылығының арқасында тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясаты айқындалып, этносаралық және конфессияаралық келісім моделінің қазақстандық үлгісі дүниеге келді, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2020
Биыл әлем мемлекеттері басшылары өз елдерінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру салалары мен әлеуметтік мәселелерін шешуде үлкен қиындықтарға тап болды. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласында да жағдай мәз болмады. Індет жұғады деген қауіппен көршілес елдер шекарасын жауып, әуе жол қатынасы белгілі бір деңгейде үзілді. Осы орайда халықаралық қоғамдастықтың белді де белсенді мүшесі Қазақстанның сыртқы саясаттағы жағдайын саралап көруді жөн көрдік.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2020
...әншісі Димаш АҚШ-тың MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атануы 2020 жылдың елеулі жаңалығы ретінде тарихта қалды. Кәрі құрылықты өнерімен тәнті еткен әншінің клипін MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы миллиондаған өнерсүйер қауым ерекше ықыласпен қабыл алды.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2020
«Цойдың бұйрығынан қойдың құйрығы күшті болып тұр...» деп еді-ау. * * *
Саясат • 31 Желтоқсан, 2020
Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі
Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін және елдің дамуын тежейтін әлеуметтік дерт ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2020
«Волоколамск тас жолы» кітабын сыйлады
Белгілі жазушы Александр Бектің әйгілі Бауыржан Момышұлы жөнінде толғаған «Волоколамск тас жолы» кітабының алғы сөзін жазған әскери ғалым, отставкадағы полковник Ким Серікбайұлы: «Мынау соғыс жылдарының қезінде Волоколамск тас жолының батырлары туралы алғашқы әңгімелер «Знамя» журналында жариялағандығы белгілі.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020
Серік Ақсұңқарұлының жыр әлемі
Бір мезгілде 2-3 кітапты қатар оқи беретін әдет студенттік кезден қалыптасты. Әдеби жанрлар бірінен бірі өтеді, шедевр шығармалар көздің құрты, мен үшін мәңгілік аңсар. «Төбемнен жауһар жауып тұр» атты жасыл кітапты («Қазығұрт» баспасы, 2005 ж.) қайталап оқыдым. Авторы Ақсұңқарұлы, мұқабаға тек ақынның фамилиясы жазылғаны тартымды көрінді. Автор маған 2007 жылы қарашада жыр жинағын қолтаңбасымен берген еді. Оқу үстінде ежелден барлық кітапты белгілеп қоятын әдетім бар. Кітаптың артында бұрыннан өзім таңбалап қойған нұсқау көп екен. Сондықтан оны қозғамай, тосын талдауға кірістім.
Саясат • 29 Желтоқсан, 2020
Ширек ғасырдағы Конституциялық Кеңес: Нәтижелер және мүмкіндіктер әлеуеті
Биылғы жылы Негізгі Заңның ширек ғасырлық мерейтойы еліміздің аумағында оның үстемдігін қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік орган – Конституциялық Кеңестің де 25 жылдығымен қатар келді. 1995 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңдық күші бар Жарлыққа қол қойды. Осы сәттен бастап Кеңестің даму тарихы басталды.
Руханият • 29 Желтоқсан, 2020
Биылғы «Волонтер жылы» әлемде таралған коронавирус індетімен тұспа-тұс келді. Елімізде де таралып жатқан індеттен қорғанудың бір жолы – халықтың амандығы үшін үйден көп шықпау. Жанымызға жақын адамдарды індеттен сақтау, үлкен кісілерге көмек көрсету. Осы тұста волонтер жастардың еңбегі зор.