Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22271 материал табылды

Президент • 11 Желтоқсан, 2020

Ел дамуының ертеңгі бағдары

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өткен болатын. Ел дамуының ертеңгі бағдары айқындалған алқалы жиында ауқымды мәселелер қаралып, маңызды бастамалар талқыланды. Отырыс барысында Кеңес мүшелері ұтымды ұсыныстарды ортаға салып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Елбасы • 11 Желтоқсан, 2020

Партияның жұмыс жоспарымен танысты

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Оқиға • 10 Желтоқсан, 2020

Мемлекет жастарға әрдайым қолдау көрсетеді

Онлайн форматта «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында ZEREN республикалық жастарға білім беру жобасының қорытынды жиыны өтіп, онда Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жастардың егемендікті сақтаудағы және мемлекеттілікті нығайтудағы маңызды рөлін атап көрсетті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Білім • 10 Желтоқсан, 2020

Мамандықтар арасындағы бәсекелестік – жоғары білім сапасын арттырудың жолы

Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңадан мақұлданған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты көзделген.

Өнер • 10 Желтоқсан, 2020

Карантинді де кәдеге жаратуға болады

Биылғы жылы әлемді жайлаған COVID-19 індетіне байланысты қауіпсіздікті сақтау мақсатында, оқушыларға қашықтан білім беруге мәжбүр болғанымыз баршаға аян.

Таным • 10 Желтоқсан, 2020

Қинаятұлының құбылысы

«Халықтың өсіп-өнуі үшін азаттық пен білім керек», деген екен Шоқан. Осынау бір ауыз сөзге жер бетіндегі қайғы мен қасіреттің, ілгерілеу мен іркілістің, тұтас халықтар мен мемлекеттердің тағдыр-талайы сыйып тұр. Азаттық пен білімнің қадір-қасиетін тереңінен ұғынған, оны барынша ұлықтаған, ұрпағына аманаттаған халықтың бірі де болса бірегейі – қазақтар. Алысқа бармай-ақ, кеңестік замандағы алып тұлға Қаныш Сәтбаевтың өмір жолына зер салып көрейікші. Кәмелетке толар-толмастан Алаш жолына түсті. Екі мүшелден аса бере «Ер Едіге» кітабын, «Алгебра» оқулығын жазды.

Сайлау • 10 Желтоқсан, 2020

«Есептен шығару куәліктері»

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

Қоғам • 10 Желтоқсан, 2020

Тұрғын үйді басқарудың жаңа түрі ашықтықты қамтамасыз ете ме?

Елімізде тұрғын үй-коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту саласында реформалар жүріп жатыр. Пәтер иелері кооперативтері (ПИК) орнына тұрғын үйді басқарудың жаңа формалары енгізілуде.

Руханият • 10 Желтоқсан, 2020

«Намыстың» әкесі

 Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Несіп Жүнісбайұлы туралы толғам Әдебиет пен журналис­ти­каның жалына жармасқан біздің қатар небір білікті ұстаздардан тәлім алды. Мұхтар Мағауин, Сейдахмет Бердіқұл, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы, Нығ­мет Ғабдуллин, Темірбек Қо­жакеев, тағы басқа ұлттық өре­сі жоғары әрі білімдар аға­лар ақын-жазушылар мен жур­на­листердің талай толқынын тәр­биелеп шығарды. Осы ағалардың өкшесін басып, тәрбиесін көрген, өзі де спорт журналистерінің тұтас бір шоғырын баптаған Несіп Жүнісбайұлы ұлт мәдениетіндегі қабырғалы қайраткердің бірі десек, артық айтқандық болмас.

Технология • 09 Желтоқсан, 2020

Өмірді алгоритмге сеніп тапсырамыз ба?

Коронавирус індетінің басталғанына бір жылға жуықтаса да, әлі күнге шартарапты әбігерге салып отыр. Күн сайын қауіпті дертке шалдыққандар саны артып барады. Қуанышымызға орай ғалымдар бірнеше вакцинаның қауіпсіз екенін мәлімдеді. Осындай кезеңде індеттен туындаған қиындықтың екінші жағы шығады. Ол – моральдық мәселе. «Egemen Qazaqstan» газетінің Project Syndicate жобасы аясында жариялайтын бүгінгі мақалалар топтамасында осы түйткілдер көтерілген. Корнелл университетінің экономика профессоры Каушик Басу өз мақаласында індетпен күреске тілдің әсері туралы ой қозғайды. Оның айтуынша, пандемияға қарсы шаралар қабылдауда кешенді шешім ұстанған жөн. Осы орайда автор Үндістанды мысалға келтіреді. Аталған елдің билігі наурызда қатаң локдаун енгізгенімен, қарапайым жұмысшылардың жағдайын ескермей, індеттің таралуына жол беріп қойды. Каушик Басу індетпен күресудегі ендігі шешім ретінде COVID-19-дан жазылып шыққандарды жалақысы жоғары жұмысқа шақыру деп есептейді. Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінің Есептеуіш әлеуметтік ғылым профессоры Дирк Хелбинг пен Лугано университетінің бизнес этика профессоры Питер Селе індетпен күрестегі қабылданған шаралардың моральдық жағын әңгімелейді. Қазіргі таңда бірқатар елде науқастарды іріктеуде жасанды интеллект қолданылатыны белгілі. Авторлар мұндай қадам қаншалықты этикаға сай келеді деген сауал тастайды. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.