Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19844 материал табылды

Экономика • 12 Мамыр, 2020

Биыл қаңтар-сәуір айларында фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 24,2%-ға артты

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Өнеркәсіп саласының дамуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Бүгіннен бастап елордада қоғамдық көліктер жүреді

12 мамырдан бастап елордада қоғамдық көліктің жұмысы жанданады. Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Бірінші кезеңде линияға қалалық бағдарлар шықса, екініші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Мəдениет жəне спорт министрлігі онлайн жұмысын жаңа форматта жалғастырады

Министрлік 23 наурыздан бастап ел тұрғындарын рухани, мәдени және моральдық тұрғыдан байыту, әртүрлі жастағы азаматтардың спорттық белсенділігін қолдау мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл қатарда дәріс, вебинар, концерт, виртуалды экскурсия, балаларға арналған ертегілер, белгілі атлеттермен өткізілетін жаттығулар, қашықтан және онлайн режимдегі спектакльдер мен фильмдер бар.

Руханият • 12 Мамыр, 2020

«Қыз Жібек» операсы онлайн көрсетіледі

Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі онлайндағы жұмысын жаңа форматта жалғастырады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 12 Мамыр, 2020

Спорттық құзға өрмелеуден Азия және Океания чемпионаттарының өтетін уақыты белгілі болды

Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) Токио Олимпиадасына лицензия үлестірілетін екі құрлықтық біріншіліктің өтетін орнын бекітті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қоғам • 12 Мамыр, 2020

Жыл басынан бері 804 млрд теңгеге жуық зейнетақы төленді

2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында базалық зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 249 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 554,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 12 Мамыр, 2020

Ерболат Досаев дағдарысқа қарсы шаралар қалай орындалып жатқанын баяндады

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында ауқымды фискалдық және монетарлық ынталандыру аясында әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы ахуал қалпына келе бастағанын айтты. Әлемнің бірқатар елдерінің біртіндеп карантиннен шығуына қарай қор алаңдары өсудің оң аймағына шықты. Наурыздағы елеулі төмендеуден кейін акциялар нарығы орташа алғанда 11-12% өсті.

Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Соңғы 4 айда мемлекеттік бюджетке 2,7 трлн теңге кіріс түсті

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік бюджеттің орындалуы және 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы банк саласының жай-күйі туралы баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Коронавирус • 12 Мамыр, 2020

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 1 адам тіркелді

Коронавирус инфекциясы анықталған адам Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны. Ол өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан, зертханалық зерттеуге анализ алынған.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Елордада 22 400 адам жұмыспен қамтылады

Жұмыспен қамту мәселесін шешуде «Еңбек» бағдарламасы үлкен рөл атқарады. Осы бағдарлама аясында жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламаларына тұрақты жұмысқа орналасу, сондай-ақ кәсіби оқыту мүмкіндігімен қатысуды ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.