Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20528 материал табылды

Таным • 25 Мамыр, 2020

Мұнайшылар әулетінің тұңғышы

Алғаш рет Равиль Тәжіғараұлы Шырдабаевпен 1986 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) кездестім, онда ол қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істейтін еді. Сол кезде алғашқы таныстығымыз ұзақ жылдық берік достыққа ұласып, бүгінгі күнге дейін жалғасады деп ойлаған жоқ едім.

Абай • 25 Мамыр, 2020

Абайтану – ХХI ғасыр көгінде

(Соңы. Басы 97-98 нөмірлерде) 5 Абай мұрасының рухани нәр алған үш қазына көзінің ішіндегі «Шығысы» қатты қысымда ұсталып келді. Бұл салада академик М. Әуезовтің ғылыми-зерттеулері, ой-пікірлері шешуші мәнге ие. Бірақ өз ой-танымдарын ілгері қарай дамытып жалғастыруға 1949 жылы КПСС ОК космополитизм туралы қаулысы мүмкіндік бермеді. Яғни Абай мұрасының шығысқа қарым-қатынасын зерттеп танып-білуге қатаң тыйым салынды.

Экономика • 25 Мамыр, 2020

Ет экспорттайтын елде ет қымбат...

Бұрын табақ-табақ ет аспаса асқазаны жұбана қоймайтын ағайын бүгінде үнемдеп жеуге көшкен. Өйтпегенде ше, дүкен сөрелеріндегі сиыр етінің килосы 2500-3000 теңгеден кем емес. Отбасылық табысы жүз мың теңгеден сәл асатындар қазір сүйек-саяқты сатып алып, сорпа қылуға мәжбүр болып отыр. Ет экспорты бойынша әлемге әлеуетін таныта бастаған елде еттің мұнша қымбаттау себебі не?

Тарих • 25 Мамыр, 2020

Бір әулеттің тағдыры

(Соңы. Басы 98-нөмірде) Тәркілеу реті әкемізге жетіп, бар мал-мүлкі хатталады. Әкемізді кәмелетке толмаған үлкен ұлы Ахметжанмен бірге қолын байлап, арбаға салып әкетеді. Сол беті Қызылжарға (Петропавл) апарып абақтыға қамайды. Кейіннен әкемізді Омбыға алып кетіп, Ахметжанды босатады. Анамызды басқа балаларымен бірге Жарқын ауылының жанында құрған (қазіргі Тимирязев ауданы) «Бай қала» деп аталатын лагерьге жабады.

Қоғам • 24 Мамыр, 2020

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады.

Руханият • 24 Мамыр, 2020

Димаштың туған күніне жанкүйерлері ерекше сыйлық жасады (видео)

Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оның туған күніне орай 3 мыңға жуық көшет отырғызды. Бұл туралы әншінің фан-клубы Instagram парақшасында жазды.  

Коронавирус • 24 Мамыр, 2020

Елорданың Бас санитарлық дәрігері коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар жариялады

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева тұрғындар арасында коронавирус індетінің таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулы қабылдады.

Руханият • 24 Мамыр, 2020

Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 24 Мамыр, 2020

Карантин сауапты амалдар мен игі шараларға кедергі келтірмеді - Бас мүфти

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин жағдайында өткен Рамазан айында жасалған қайырымдылық шаралары жайында айтты.

Елбасы • 24 Мамыр, 2020

Ораза айт исламның басты рухани құндылықтарын дәріптейді - Елбасы

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Яндекс.Метрика