Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Пікір • 17 Қазан, 2023

Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерткен жөн

Елімізде алғаш рет қанатқақты жоба ретінде аудандар мен об­лыс­тық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді. Қазір осы жобаға байланысты сайлау өтетін 42 аудан мен 3 қала нақ­ты­ланып, үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын қолға алып та жатыр. Әрине, бәріміз сайлаудың әділ өткенін қалаймыз, бірақ...

Тарих • 16 Қазан, 2023

Диверсанттар тобы

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары неміс фашистері Германияда және өздері басып алған мемлекеттерде барлау мектептері мен курстарының үлкен желісін құрды. Мұндай мектептер уақытша басып алған кеңестік республикалар мен облыстардың аумағында да қанат жайды. Бұл мектептерде фашистер диверсанттар мен тыңшыларды, шпиондарды даярлады.

Шаруашылық • 16 Қазан, 2023

Ауыл шаруашылығына кешенді көзқарас қажет

Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде көптен бері күрмеуі шешіл­мей келе жатқан қордаланған мәселе баршылық. Тіпті көп десе де бо­лады. Енді сол мәселелердің ең негізгілерін ретімен санамалап шықсақ дейміз.

Тұлға • 15 Қазан, 2023

Әбікен әлемі

Қазақтың жаңа дәуірдегі ұлы күйшілерінің бірі, Тәттімбет мектебінің озық өкілі Әбікен Хасеновтің өмір сүрген кезеңі «зар заман» емес, нағыз «кер заман» болды. Көзі тірісінде қолына домбыра ұстағанның алды саналған дара күйшінің өмірі де, шығармашылық тағдыры да әлі күнге дейін сыры ашылмаған сандықтай құпиясы көп. Әбікен туралы кімдер қалам тербемеді? Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Уәли Бекенов, Сәбит Мұқанов, Сапарғали Бегалин, Тәкен Әлімқұлов, Жүсіп Алтайбаев, Ақселеу Сейдімбек, Өмір Кәріп, Кәмел Жүністегі... Рас, күйтанымға, ғылымға берері ересен осынау құнды еңбектердің бәрінде оның асқақ тұлғасы, шалқар сазгерлігі, азаматтық мінезі жақсы суреттеледі.

Пікір • 12 Қазан, 2023

Атажұрттың дамуына үлес қосайық

Қазір әлемдік нарықта Қытайдың үлесі жылдам өсіп келеді. Жаңа озық технологияларды, жасанды интеллектіні және заманауи ноу-хау­ларды пайдаланып, инвестициялық тың бас­тамаларды қолға алып жатыр. Осы сала­ларда кәсібін сәт­ті жүргізіп, жоғары же­­тіс­тік­ке жеткен өзім та­ни­тын қандастарымыз да бар.

Пікір • 12 Қазан, 2023

Мәдениет – елдің рухани байлығы

Музыка – бүкіл әлем хал­қын байланыстыратын ортақ тіл. Түркі өркениетінің өзіне тән музыкалық дәс­түрі қа­лыптасқан. Оның күш­тілігі сол, бүгіннің өзін­де миллиондаған адам оны тыңдағанда, көңі­лі тол­қып, ерекше әсер алады. Мұ­ның айқын көрінісі – ең көне музыкалық аспап қо­­быз бен домбыраның үні.

Зерде • 12 Қазан, 2023

Жүректі журналист

Тәуелсіз еліміздің отыз жылдан асқан та­рихи бе­ле­­­сінде талай жазу­шы мен журналистің туын­­­­­ды­ларын оқып, жа­қы­нырақ таныс­тым. Билік басында жүр­ге­німде олармен жиі кездесіп, талай өзекті ма­қалаларды бірге жаз­дық. Өйткені қазақ бас­па­­сө­зі­­нің қараша­ңы­рағы ««Егемен Қазақстан» газеті, «Қазақ әде­бие­ті», республикаға та­ныма­лы «Заң газеті», «Айқын газеті», өзге де белді-белді бас­­пасөз орын­да­рының сұрауы бойынша заң саласына байланысты, құқықтық та­қырыптар мен сот істеріне қатысты жиі-жиі мақала ­жазуыма тура келетін.

Тұлға • 12 Қазан, 2023

Қазақтың Қонысбайы еді...

«Жат жұртқа жаратылған» десе де, қыз шіркіннің есі-дерті ел жақта болатыны әйел затының бәріне аян. Оны өзім де бастан кешкенмін.

Пікір • 12 Қазан, 2023

Алыс ауылдарды да интернетпен қамтимыз

«SpaceX» компаниясы бірнеше жыл бұрын «Starlink» ғаламдық спутниктік жүйесін дамыта бастағаны белгілі. Бұл желісі нашар, қымбат немесе мүлдем қолжетімсіз жерлерде спутник­тің көмегімен жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған. «Starlink» алғашқы лицензиясын алғаннан кейін бес жылдан кейін бес мыңнан астам жерсерік ұшырылды.

Пікір • 12 Қазан, 2023

Қазақстан технологиялық хабқа айналады

«Digital Bridge – 2023» халықаралық форумына келіп, Қазақстан туралы ойым өзгерді. Бұл елдің цифрлы әлемнен ойып тұрып орын алып жатқанын түсіндім.