Қоғам • 14 Тамыз, 2020
«СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы 2 айға қамауға алынды
«СҚ Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Алматыда «Қазақфильм» ғимараты өртке оранды
Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Ақмола облысында мемлекеттік қызметке іріктеу сарапшылардың қатысуымен өтуде
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімдерінің барынша ашықтығы мен объективтілігі заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілерге музейде онлайн экскурсия ұйымдастырылды
Аталған ерекше идеяның бастамашысы Ақтөбе облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті болды.
Қоғам • 14 Тамыз, 2020
Еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді
13 тамызда еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді. Конференция барысында түрлі саланың жас ғалымдары «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу бастамасын қолдайтынын және праймериз туралы ғылыми жұмыстар жасауға дайынекенін мәлімдеді.
Медицина • 14 Тамыз, 2020
МӘМС: Сақтандыру мәртебесі туралы жиі қойылатын 5 сауал
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кімдер босатылды? МӘМС жүйесінде мәртебе «сақтандырылмаған» болып шықса, қайда жүгінуге болады? Азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаты тарапынан жиі қойылатын осы және өзге де сауалдарға "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина жауап береді.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2020
Елімізде карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Саясат • 14 Тамыз, 2020
Өңірлердегі жобалар ел игілігіне айналуы тиіс
Сенаторлар Ғ.Дүйсембаев пен Л.Сүлеймен Атырау облысына сапар барысында Махамбет және Исатай аудандарына барды. Соның аясында олар Айсары арнасының және Махамбет ауылында Жайық өзенінің үстінен салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті білім ошағына арнайы ат басын бұрып, мектептің алдағы оқу жылына, соның ішінде қашықтан оқыту форматына дайындығын пысықтады.
Пікір • 14 Тамыз, 2020
Заңғар таулардың алыстаған сайын биіктей беретіні секілді, жылдар жылжып, уақыт ағыны сырғыған сайын қазақ санасында Шәмші Қалдаяқовтың аяулы есімі биіктей бермек. Ән болып жаралған Шәмші саналы ғұмырында тұтас даланы әнмен әлдиледі. Халықтың ішінде жүріп, туған еліне деген ақ адал махаббатын әнмен әдіптеді. Шәмші әлемі сезім дейтін тылсымды иірімге салып, өзіне қарай тарта беретін қуатты күш. Оның әні қазақ мәдениетінің сарқылмас қазынасына, інжу-маржан мұрасына айналғалы қашан. Тума таланттың қай туындысы болмасын өмірдің өзінен алынған. Сезіміңді толқытпауы, көңіліңді тербемеуі, жүрегіңді елжіретпеуі мүмкін емес.
Оқиға • 14 Тамыз, 2020
Композитор мұрасы әлі де зерттелуі керек
Шәмші атамыздың көзін көрмесем де, ол кісінің әндерінің менің өмірімде алатын орны өте жоғары. 1968 жылы жазылып, 44 жыл бойы ақын М.Шахановтың жеке архивінде жатып қалған «Сүймегендер сағынбайды» әнінің алғашқы орындаушысы болу да мен үшін мәртебе.