Өнер • 18 Мамыр, 2021

Киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті. Ол Министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру мәселесіне қатысты жұмыстарды пысықталып және "продакшндердің" кәсіпқойлық деңгейі негізінде іріктеу мақсатында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты үлестіру ережелерін өзгертуді жоспарлап отырғаны туралы хабардар етті.

Киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

«Шетелдің, ең алдымен өзіміз де танысқан Түркия­ның тәжірибесі көрсетіп отыр­ғандай, телехикаялардың идео­ло­гиялық мазмұны мен сапасын арттыру аспектілерінде тек ки­носериалдық өндіріс кешенінің барлық қатысушылары бірік­кенде ғана, яғни сценарист пен режиссерден бастап сыншы-рецен­зентке дейін, бұл салада едә­­уір нәтиже көрсетуіміз мүм­кін. Бұл процестерге кино­сыншы­лар институты қатыспай, қазақ­стан­дық телехикаялар мә­дени пери­ферияда қала бермек», деді министр.

Кездесу барысында киносыншылар Қазақстандағы ки­носериалдық индустрияны да­мы­ту саласына қатысты өз ұсы­ныс­тары мен пікірлерін біл­дірді. Осы орайда А.Балаева: «Ақ­­па­рат және қоғамдық даму минис­трлігі телехикаялардың кәсі­би орындалуы мен идеоло­гия­лық мазмұнының сапасын арт­тыру мақсатында сіздерді ын­ты­мақтастыққа шақырады», деді.

Іс-шара соңында А.Балаева министрлік телехикаялық өнім саласын дамыту мәселесі бойынша сындарлы ұсыныстарға ашық екенін атап өтті, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.