Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Атырау: Медицина қызметкерлері қонақүйлерге орналасады
Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова №2 Атырау облыстық ауруханасындағы инфекциялық стационардың жұмысымен танысты.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Сапархан Омаров Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ақмола облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің блок-бекеттерден кедергісіз өтуін, аймақтағы көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу барысын тексерді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2020
22 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, шанды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтанда айыппұл тұрағына 1 мыңнан астам автокөлік жіберілді
Карантин режимін бұзғаны үшін қалада 1 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді. Қосымша 4 айыппұл тұрағы ашылды. Полиция қызметкерлері бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы қалада кезекшілік жұмыстарын атқарып жатыр. Мобильді топтар, жаяу нарядтар жұмылдырылды. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдай дрон арқылы қадағаланып жатыр.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған 15 нысан жабылды
Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері эпидемиологтармен, әкімдіктің қызметкерлерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізіп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Үкімет • 22 Сәуір, 2020
Коммуналдық қызметтер төлеміне көмек
Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі.
Қоғам • 22 Сәуір, 2020
Мен әлі кәмелетке толмаған үш баланың анасымын. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы санатына жатамыз. Кенже балам – бір жаста. Жақында отбасымызға азық-түлік себетін әкеп тапсырды. Бірінші әкелгенде кәдімгідей таңғалдым. Шынын айтсам, күткен жоқ едім. Тіпті, жуыну құралдарына дейін әкеліп жатыр.
Саясат • 22 Сәуір, 2020
Посткеңестік кеңістіктегі ең либералды құжат
Карантин мен оқшаулану режіміне қарамастан, Парламенттің заң шығарушылық қызметі тоқтаған жоқ. 14 сәуірде Сенатқа «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы ұсынылды. Бұл заң жобасының қандай ерекшелігі бар?
Саясат • 22 Сәуір, 2020
Жаңа заң халықаралық қағидаттармен үйлеседі
Бүгінде «Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» либералды және прогрессивті заң жобасы Сенаттың қарауына ұсынылды.
Руханият • 22 Сәуір, 2020
Қиын кездегі қолдау ұмытыла қоймас
Жанды жадыратар жаңалықтың көп болғанын қалайтындардың бірімін. Сабыр сақтап, ертеңгі күнге сеніммен қарау, жақсылықтан үміт үзбеу де бізге жігер береді. Балаларымыздың риясыз күлкісі, алаңсыз ойыны да қуат береді. Оған қоса мемлекет тарапынан тиісті көмектерді алып жатырмыз. Отағасы да табылған жұмыстан бас тартпай, отбасын тарықтырмаудың қамымен жүр.