Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20521 материал табылды

Руханият • 05 Мамыр, 2020

Дамыған ел болуымыздың кепілі

Ұлттық құндылықтарымызды сақ­тай отырып, санамызды жаң­ғырту, жадымызды дамыту – дүниежүзілік өркениет кеңістігінде жойылып кетпеудің шарты. Осы тұрғыда 2017 жылғы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы шық­қаны белгілі.

Руханият • 05 Мамыр, 2020

Ұлық Ұлыс тарихындағы Сарайшық

Әлемдік тарих ғылымында Жошы ұлысы немесе Дешті Қыпшақ даласы атанған сонау Ертіс пен Дунай аралығын қамтыған ұлан-байтақ территорияда мемлекеттік маңызға ие болған қалалар көп емес. Бүгінде зерттеушілер осы аралықтағы қалалар санын 150-ге жеткізді. Олардың ішінен Бату хан сол заманда аты әлемге белгілі болған Қырым, Маджар, Үкек, Қазан, Қажы-Тархан (Астрахан), Сарайшық қалаларының негізін қалауымен дараланады.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Қадіріңе жетерміз бе, Қара жер...

«Анам да болған Қара жер, панам да болған, Қара жер!» депті баба­­ларымыз. Тіршілік атаулы­ның иесі де, киесі де Қара жер деп білген олар бұл сөзді Жарату­шының өзіне балап айтқандай, тіршіліктің көзі ғана емес, өзі деп біліп қайрылғандай. Бәлкім, есте жоқ ескі кездерде Қара жер, Көк аспанды ұлы қамқоршы тіршілік иесі деп біледі. Сондықтан да біз осынау киелі тіркестегі екі сөзді бірге жазып отырмыз. Тіпті көне тас, қола дәуірлері дейміз бе, скифтер, ғұндар, сарматтар, мас­са­геттер кезеңдері дейміз бе, әй­теуір талай-талай мемлекеттер, им­пе­риялар дәуірлеген, талай-талай тарихтың теперішін көріп, Жер бетінен жоғала жаздаған, алай­да майысса да сынбай, осынау Ұлы далада малын бағып, оған қоса жанын бағып жүрсе де әлем өркениетінен қалыспай өз мә­дениетін, ғажайып салт-дәс­түрін, өмір сүрудің өзіндік ерек­шелі­гін қалыптастырған біз­дің баба­ларымыз емес пе еді.

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтаарал ауданындағы қазіргі жағдай (фоторепортаж)

Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бастап 31 606 адам эвакуацияланған.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Мәулен Әшімбаев: Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Біздің бірлігіміз – қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі - Қайрат Балабиев

Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус әлемдік экономиканың ағзасына да айтарлықтай нұқсан келтіруде. Пандемияның салдарынан өндіріс орындары, фабрикалар, ауылшаруашылығы құрылымдарының жұмысы саябырлады, миллиардтаған шығынға батуда. Бұл әсіресе азық-түлік нарығында анық байқалып отыр.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Қорғаныс министрлігінің ұшағы әуеде апатты жағдайға тап болды

Бұл туралы блогер Денис Кривошеев Facebook парақшасында жазды.

Елорда • 04 Мамыр, 2020

Елорданың ҚХА карантин кезінде қайырымдылық акциясын жалғастыруда

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясын Әзербайжан мәдени орталығы қолдады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қоғам • 04 Мамыр, 2020

42 500 теңгеге 8 миллионнан астам адам өтініш берді

4 мамырдағы жағдай бойынша төтенше жағдай (бұдан әрі – ТЖ) кезінде кірістен айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 4 млн 452 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның ішінде алғашқы айда – 3 млн 733,8 мың, екінші айда – 718,3 мың. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Яндекс.Метрика