Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19420 материал табылды

Медицина • 01 Сәуір, 2020

МӘМС бойынша жеңілдік мерзімі ұзартылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аудармаған азаматтар дәрігерлік көмекті алуды жалғастыра береді. Қазіргі елдегі жағдай ескеріле отырып, олардың медииналық көмек алу құқы  2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Атырау: Үш адамнан коронавирус табылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырауда тағы үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның  бірі – 37 жастағы атыраулық коронавирусты Орал қаласының тұрғынынан жұқтырған. Науқастың инфекцияға шалдыққаны үйіне оралғаннан кейін анықталып отыр.

Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 372-ге жетті

Қазақстандағы 2020 жылғы 1 сəуір сағат 16:50-дегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді, Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.

Елорда • 01 Сәуір, 2020

Медклиника директоры: жұмысшыларымыз әлеуметтік төлемақыны ала бастады

Бубновский медициналық клиникасы төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемақыға алуға алғашқылардың бірі болып өтінім берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Экология министрлігі мектеп оқушылары арасында конкурс жариялап отыр

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус пандемиясы кезінде оқшауланған қазақстандық мектеп оқушылары үшін экологиялық тақырыпқа арналған республикалық үздік сурет жəне қолдан жасалған бұйымдар конкурсын жариялап отыр. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Сенат: Шағын және орта бизнесті қолдау тапсырылды

Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Төлеубек Мұқашев елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Үкімет қабылдаған қаулыларға байланысты барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына үндеу жолдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 01 Сәуір, 2020

Белгілі ақын, манасшы Баянғали Әлімжанов дәрігерлерге жыр арнады (видео)

«Тауға да ұрып, тасқа да ұрып сау басын, Пенде, шіркін, кеш ойлайды тәубасын. Дәрігерді жаратқан ғой Тәңірім, Адамдарға рақымы мол болғасын», деп белгілі ақын, манасшы Баянғали Әлімжанов дәрігерлерге жыр арнады.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Алматы қаласында 2 емделуші жазылып шықты

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Телеграм парақшасында хабарлады.

Парламент • 01 Сәуір, 2020

Митингілер туралы заң жобасы бейнеконференция форматында талқыланды

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарауға әзірлеу барысында оның қолданыстағы нормаларын талқылау бойынша кезекті шара өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Коронавирус шаш арқылы жұғады

Санитарлық дәрігерлер коронавирустың тағы қандай жолмен жұғатыны туралы айтты. Вирус 1 сағат бойы адамның шашында болуы және сол арқылы жұғуы мүмкін.