Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19839 материал табылды

Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Коронавирустық инфекция бойынша қауіпті елдер тізімі жаңарды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин 4 наурыз қабылданған қаулыға өзгерістер енгізді. Қазір 1А санатындағы қауіпті елдер қатарында Иран мен Италия бар.  

Қазақстан • 14 Наурыз, 2020

Қазақстан полициясы ерекше қызмет режиміне көшті

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылығының, оның қызметтерінің, сондай-ақ полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің және Министрліктің оқу орындары басшыларының қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Қоғам • 14 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қоры жеткілікті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Аймақтар • 14 Наурыз, 2020

Түркістан облысында алдын алу шаралары күшейтілді

Коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу мақсатында Түркістан облысының әкімдігі өңірде залалсыздандыру шаралары күшейтіліп, бақылау артқанын мәлімдеді.

Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Алматыдағы 4 науқастың біреуі орташа ауыр жағдайда

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Аймақтар • 14 Наурыз, 2020

ҰҚК: Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған күдікті ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған ДАИШ халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушының қолға түскенін хабарлады. 

Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Қазақстанда 1090 адам стационарлық карантинде

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы ақпаратпен бөлісті. Елімізде вирус жұқтырған 6 науқас тіркелді, Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 90 адам, үй карантинінде 452 адам жатыр. 

Қазақстан • 14 Наурыз, 2020

Науқастар анықталған рейстер жолаушыларын хабарласуға шақырды

Денсаулық министрлігі коронавирус анықталған науқастар ұшып келген рейстер жолаушыларын іздестіріп жатыр. 

Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейсіндегі 89 жолаушының қайда екені анықталды

Коронавирус жұқтырған науқас ұшып келген Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейсіндегі 35 жолаушы өңірлерге кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сауле Кисикова мәлімдеді.

Қазақстан • 14 Наурыз, 2020

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды

Елімізде Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.