Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19840 материал табылды

Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Nur Otan басшылығы Жамбыл облысының зиялыларымен кездесті

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саяси ұйымның аймақтарды аралау жоспарының аясында Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірдің Жуалы ауданы мен Тараз қаласында болып, өңірдің кәсіпкер әйелдерімен, зиялы тұлғаларымен, этно-мәдени бірлестіктер өкілдерімен және білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 12 Наурыз, 2020

Коронавирус Кубаға жетті

Кубада коронавирустың алғашқы оқиғалары расталды. Індет белгілері 9 наурыз күні Гавана әуежайына ұшып қонған 4 итальяндық туристен анықталған.

100 • 12 Наурыз, 2020

«Социалистік Қазақстан» газеті: Қ.Байдосов – СССР чемпионы

1957 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне С. Төребековтің «Қ.Байдосов – СССР чемпионы» атты мақаласы шыққан болатын. 

Таным • 12 Наурыз, 2020

Хан ордасы орналасқан көше

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен «Жеті ата» қақпасына дейінгі ортағасырлық магист­ралды көшені анықтау және тарихи қалпына келтіру, туристік нысан­ның біріне айналдыру мақсатында археологиялық қазба жұмыстары жүруде.

Өнер • 12 Наурыз, 2020

«Астана Балеттің» Атырауға тартуы

Қар көбесі сөгілген көктемнің шуақты күндері Атырауда «Астана Балеттің» гастрольдік сапары басталмақ. Бұл ұжым тұңғыш рет Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.

Қоғам • 12 Наурыз, 2020

«Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек...»

Өмірдің ақиқатын шарқ ұрып іздегенде хакім Абайға соқ­пай өте алмаймыз. Жан жара­сы жазылмай кеткен ұлы ақын бойы­мыз­дағы барлық мін­ді қаз-қалпында бүкпесіз айтып кеткен ғой. Сондықтан ба, кезінде ащы шындықты шімірік­пей айтқан абыз ақынды айнала­сын­дағылар, әсіресе жақындары жабылып жұды­рық­тады.

Қоғам • 12 Наурыз, 2020

Кінәлілер жазасын алуы тиіс

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Нариман Төреғалиев 2019 жылдың наурыз айында Атыраудағы қалалық №3 интернат (тіл мүкісі бар балаларға арналған) пен арнайы мектеп-интернатта (көру және есту қабілеті нашар балаларға арналған) орын алған тәрбиешілер мен санитарлардың мекемедегі тәрбиеленуші балаларды ұрып-соғу фактісі бойынша алаңдатушылық танытып, өз пікірін білдірді.

Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Шәкәрімнің ойлы шәкірттері

Жақында Үкімет қаулысы бойынша елордадағы бірнеше мектепке ұлт зиялыларының есімі берілді. Соның ішінде «Бос­тандық таңы атты, қазағым, көріңдер» деп ел еркіндігін жыр­­лаған қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдай­берді­ұлының есіміне ие болған №56 мектеп-лицейі де бар. Осын­­дай игілікті істің хакім Абай Құнанбайұлының 175 жыл­ды­ғы­мен сәйкес келуі мектеп ұжымына үлкен қуаныш, тың серпін сыйлады. Өйткені біздің әрбір қадамымыз, өркенді ісіміз осы ғұлама қос ақынның есімімен байланысты десек, артық емес.

Абай • 12 Наурыз, 2020

Айдарбек Сарманбетов: Абайды оқыған сайын ақылың толыса түседі

– Айдарбек Иманғазыұлы, биыл қазақ елі ұлы ойшыл ақын Абай Құнан­байұлының 175 жылдығын атап өтуде. Іс-шаралар халықаралық кеңістікте де қанатын кең жайды. Қанаттас қырғыз елінде Абайды ерекше қастерлейтін жазушы ретінде мерейтойға байланысты лебізіңізді білгіміз келеді. – Ә дегенде Абай тағылымына қазақ билігі ерекше мән беріп отырғанын баса айтқым келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Абай мерейтойына байланысты арнайы Жарлық шығарғанынан хабардармын. Ал енді биыл жыл басында республикамыздың ұлттық «Қырғыз Туы» газетінде Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақа­ласы жарық көрді.  

Бокс • 12 Наурыз, 2020

Бокс: Василий Левит қоржынға екінші алтынды салды

Амманда өтіп жатқан бокстан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде қазақстандық Василий Левит жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.