Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19840 материал табылды

Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Полицейлер мен дәрігерлер коронавирус бойынша оқу-жаттығу өткізді

Полицейлер, дәрігерлер мен эпидемиологтар коронавирустың пайда болуы мүмкін жағдайларға дайындық бойынша теориялық және практикалық оқу-жаттығулар өткізді деп хабарлайды Polisia.kz

Қазақстан • 11 Наурыз, 2020

Қазақстан мен Бразилия арасындағы құқықтық тұрғыда реттеу құжаттары қаралды

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан мен Бразилия арасында өзара құқықтық көмек көрсетуді заңдастыру мәселесі қаралды. Комитет басшысы Владимир Волковтың төрағалық етуімен өткен отырысқа сенаторлармен бірге Бас прокуратураның өкілдері де қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бокс • 11 Наурыз, 2020

Бокстан Қазақстан ерлер командасы Токио олимпиадасына толық құраммен барады

Бүгін Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінің соңғы жарыс күні өтуде. Қазақстандық Сәкен Бибосынов сегізінші жолдаманы қоржынға салды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан • 11 Наурыз, 2020

«Қазгидрометке» жаңа басшы тағайындалды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы №119 бұйрығымен Данара Кизатқызы Алимбаева «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Жамбыл облысында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бастау алады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жаңа жобасының жүзеге асу барысы талқыланды. Аталған жобаның мақсаты – қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингілеу, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау және шешу болып табылады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

«Гарант» тұрғын үй кешені жазда пайдалануға беріледі

Бүгін елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Ы.Дүкенұлы мен Ш.Уәлиханов көшелері қиылысында орналасқан «Гарант» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазақстан • 11 Наурыз, 2020

13 наурыз күні «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары анықталады

Орталық коммуникациялар қызметінде IV «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды. Құрамына медиа индустриясының отандық және халықаралық өкілдері енген қазылар алқасы өз категориясы бойынша үздік атағына қырық үміткерді іріктеп алды. 13 наурыз Казмедиа Орталығының Конгресс-холлында естелік статуэтка мен бір миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық иегерлерінің есімдері белгілі болады.

Спорт • 11 Наурыз, 2020

Таэквондошылар Бельгиядағы жарысқа барудан бас тартты

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Бельгияда өтетін рейтингілік «Belgian Open G-2» турниріне қатыспайтын болды. Оған себеп - коронавирус эпидемиясының таралуы,деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокс • 11 Наурыз, 2020

Бүгін бокстан құрлықтық іріктеу турнирінің финалдық кезеңі өтеді

Бокстан Амманда құрлықтық іріктеу турнирі жалғасуда. Бүгін, 11 наурызда Иордания жерінде спортшылар алтын жүлде үшін барын салады. Осыған орай, Olympic.kz назарларыңызға қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластарын ұсынады.

Қазақстан • 11 Наурыз, 2020

Коронавирус: Қазақстанда 3974 адам бақылауда тұр

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. 4650 адамға  мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1217,  1 «б» санаты бойынша – 189,  2 санат бойынша – 3244 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.