Қоғам • 26 Наурыз, 2020

iQala қалалық қызмет көрсету орталығы онлайн режимге көшті

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық кеңседе азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

iQala қалалық қызмет көрсету орталығы онлайн режимге көшті

«Барлық 129 Iqala қызметі цифрландырылған және www.iqala.kz сайтында қол жетімді. Кез-келген адам онлайн-кеңестерді қалқымалы терезе арқылы, сондай-ақ 109 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ала алады» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Бектұрова телеграм каналында.

Қала әкімнің орынбасары барлық қызмет түрлері жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді деп атап өтті. Қызметтер тізімі порталдың басты бетіне орналастырылған. Кез-келген қызмет түрін онлайн режимде алу үшін электронды цирфлық қолтаңба арқылы жеке кабинетте авторизациядан өту қажет. Ары қарай 129 қызмет түрінің кез-келгеніне өтінім бере аласыз. IQala қалалық қызмет көрсету орталығы астана тұрғындарына тұрғын үй - коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.

 

Соңғы жаңалықтар