Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19840 материал табылды

Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Ақтөбе: Қару сатып алуға рұқсат алудың 65 фактісі тіркелді

Ақтөбелік полицейлер құқық бұзушылықтар санын анықтап, халыққа есеп берді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Спорт • 11 Наурыз, 2020

Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиадалық циклды бір айға созды

Коронавирус эпидемиясына байланысты халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиадалық циклды бір айға созды деп хабарлайды Olympic.kz.

Экономика • 11 Наурыз, 2020

2019 жылы электрондық ақшаны пайдаланған операциялар саны үштен бірге өсті

Бүгінгі таңда Қазақстан нарығында жиырма бес электрондық ақша жүйесі жұмыс істеуде, олардың эмитенттері 10 банк және «Қазпочта» АҚ болып табылады. 2019 жылы мынадай сегіз жаңа электрондық ақша жүйесі жұмыс істей бастады: «Senim», «AlmaPay», «Onay Pay», «Onе Click», «КАЗЕВРОМОБАЙЛ», «Innoforce systems», «WebMoney Kazakhstan» және «Silkpay». Бұл туралы Nationalbank.kz хабарлады.

Әлем • 11 Наурыз, 2020

Түркияда коронавирус инфекциясы тіркелді

Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді деп хабарлайды Anadolu Agency.

Экономика • 11 Наурыз, 2020

Қытайдан жүк тасымалдау тоқтамайды

Былтыр пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қазақстан темір жолы» біраз нәтижеге қол жеткізді. Компанияның апатсыз жұмыс үдерісі қамтамасыз етілді. Айталық, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу көрсеткіші алдыңғы жылға қарағанда 6 пайызға кеміп, жылжымалы құрамдардың жолдан шығып кету оқиғалары азайды. Бұл туралы компа­нияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев 2019 жылғы жұмысының қорытындысында айтты.

Қоғам • 11 Наурыз, 2020

«Қазақ картасын» елшіліктер қолдаса...

Шетелдегі қандастарды қолдау – қазақ қоғамы үшін өзекті мәселелердің бірі. Содан болар, 2019 жылы қандас ағайынға көмек көрсету, елге қайтару практикасы, мемлекеттік бағдарламалар мен диаспоралық саясатты түсіндіру мақсатында этнобірегейлікті дамытуға бағытталған талдамалық зерттеу жұмысы жүргізілді. Жоба барысында отандық мамандар Түркияның шетелдегі өз отандастарын мемлекеттік қолдау ісіне көз жүгіртіп, солардың тәжірибесін сараптап көрді.

Тарих • 11 Наурыз, 2020

Алыс ауданға барғанда...

Қазақ театр өнерінің саңлағы, халқымыздың аяулы қызы, КСРО ха­лық әртісі, республи­ка мемлекеттік сый­лы­ғының лауреа­ты Шол­пан Жандар­бе­ко­ва сахнадағы сан алуан рөл­дерді өте шебер ойна­уымен ха­лық жадында қалған тұл­ғалардың бірі екені даусыз.

Руханият • 11 Наурыз, 2020

Баубек батыр ұлықталса

Елбасының Рухани жаңғыру қағидасы әр жүректің көмбесіндегі жанартауды түрткілеп оятуымен құнды болып отыр. Осы тұрғыда батыр Баубек Бекмырзаұлының биылғы екі жүз жылдық мерейтойына байланысты тың ұсыныс-пікірлерін алға тартып жүрген Қабиболла Шаяхметовтің еңбегін ескерген жөн.

Таным • 11 Наурыз, 2020

Тұлғалар тарихы толғандырған

Қазір тарих ғы­лымында орын алған тәуел­сіз рухтан қанаттанған ахуал кім­нің кім екенін қоғам алдында ашып көрсетті. Бүгінге дейін жаз­ба тарихымызды жазған зерт­теушілер негізінен бірнеше топ­тарға жіктеледі: Олардың ал­ғашқылары біздің ойымызша, аузын ашса «иншалланың» орнына ескі әуенге жаңа қайырма жасайтындар, яғни тарихты сая­силандырып, оны билікке жағыну құралдарына ай­налдырғандар. Мұндай кісілер президенттер ауысқан сайын тарихты да ауыстыруға бейім. Аға ұрпақта тағы бір тарихшылар тобы бар: олар кезінде тарихи шын­дықты айтқысы келсе де айта ал­маған, сүбелі зерттеулерінде әдептілік, ұстамдылық танытып, әр тақырыптың басын бір шалмай, тұрақты бір кезеңнің айтуға, жазуға рұқсат етілген шындығын байыпты зерттеп баяндап, тарихи фактілерге сергек қараған, тарих майданында «ақ» пен «қараны» айқын айыра алатын, билікке емес, тарихтың өзіне белсенді қызмет еткен тарихшылар.

Тарих • 11 Наурыз, 2020

Жәңгір хан

XVII ғасырда Қазақ хандығын басқарған хандар саны – бірнешеу. Олардың билікте болған жылдарын жазба деректер арқылы нақты біле алмасақ та, әр ханның жеке басындағы ерекше қасиеттері мен белгілеріне, билік құрған жылдарындағы заманның ағымына, дәуірінің ерекшелігіне байланысты едәуір тарихтың елеулі беттерін парақтауға болады. Сол даңқты хандардың бірі де бірегейі – Жәңгір хан. Жәңгір – Есім ханның тарихта белгілі үш ұлының бірі.