Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19823 материал табылды

Үкімет • 11 Ақпан, 2020

ҚХР аумағында коронавирус жұқтырғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Технология • 11 Ақпан, 2020

Машина жасау кәсіпорындары қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктер қарастырды

2020 жылғы 6 ақпанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ-мен бірлесіп 2020-2022 жылдарға арналған уәкілетті мемлекеттік орган, машина жасау және қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері мен жұмыс берушілердің өкілдері арасындағы салалық келісімге қол қойды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 11 Ақпан, 2020

Елорданың қоғамдық орындарында қылмыс саны 2 есеге азайды

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық орындарында жасалған құқық бұзушылық саны 44,9 % - ға азайған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың Telegram-каналында жарияланды.

Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Елордада Ұлы Жеңіс мерекесіне орай 70-ке жуық шара өтеді

Елордада Ұлы Жеңістің 75 жылдығына мерекелеуге орай дайындық жұмыстары талқыланды. Бұл туралы  қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 11 Ақпан, 2020

Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық додаға қатысады

Қазақстандық жеңіл атлеттер 16 ақпан күні Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін Istanbul Indoor Cup 2020 European Athletics Indoor Permit Race додасына қатысады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Спорт • 11 Ақпан, 2020

Тайландта жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтеді

12-16 ақпан күндері Тайландтағы Вессуван стадионында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстан • 11 Ақпан, 2020

Анар Жайылғанова Академиялық саяси зерттеулер институтының ректорымен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Жапонияның Жоғары саяси зерттеулер мектебінің (GRIPS) ректоры Акихико Танакамен кездесті. Кездесу аясында Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамыту саласындағы қолданыстағы жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы және осы бағыттағы екі елдің академиялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 11 Ақпан, 2020

Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкпен бірлескен ынтымақтастықты талқылады

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчукті қабылдады. Аталған шараға Парламент Сенатының депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Елордада бірінші ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайды

Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 11 Ақпан, 2020

Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды - Елжан Біртанов

Бүгін таңертең Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында айтты.