Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21580 материал табылды

Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Сенаторлар медициналық қызметтердің бағасын белгілеу мәселесін көтерді

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен кездесті. Жүздесуде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерге баға белгілеу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 04 Наурыз, 2020

Президент «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Президенті кеңеске дейін «Smart Data Ukimet» жобасы аясында Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрліктері мен «Ұлттық ақпараттық технология» акционерлік қоғамы атқарған жұмыстарының нәтижесімен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Smart Bridge» және Интернет ресурстардың бірыңғай платформасы жайында мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Алматы облысының әкімі «Жетісу» футбол командасымен кездесті

Қалыптасқан дәстүр бойынша Алматы облысының әкімі Амандық Баталов премьер-лига ойындары қарсаңында «Жетісу» кәсіби футбол клубының командасымен, жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Атап өтсек, «Жетісу» биылғы маусымда өзінің алғашқы ойынын Ақтау қаласында 8 наурызда «Каспий» командасымен өткізбек. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Балалар жазушысы Рима Әбіқаева талдықорғандық оқушылармен кездесті

Бүгін С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханада балалар жазушысы Рима Әбіқаеваның балаларға арналған кітаптарының тұсаукесері болып, мектеп оқушыларымен жылы жүздесу өткізілді. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов қатысты. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

ШҚО: Экологиядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері талқыланды

Экология саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою шығыс өңірі үшін өте маңызды және өзекті тақырып.

Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Мысыр елшісін қабылдады

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал әл-Сайед Яхья әл-Шиннауи ханыммен кездесті.

Парламент • 04 Наурыз, 2020

Елжан Біртанов: Медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі құрылады

Медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Парламент • 04 Наурыз, 2020

Нұрлан Нығматулин: Халық денсаулығы Кодексіне қатысты көп мәселе шешілді

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында халық денсаулығына қатысты кодекс жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

100 • 04 Наурыз, 2020

«Социалистік Қазақстан» газеті: «Біржан-Сара» операсы

1957 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында қайта қойылған болатын.

Спорт • 04 Наурыз, 2020

Коронавирус: Токио олимпиадасына қандай қауіп төніп тұр

2020 жылды әлем халқы үрей құшағында қарсы алды. Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың аяғында тіркелген COVID-19 инфекциясы қаңтар айында қарқын ала түсті. Коронавирус атауымен әлемге таралған қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 3 наурыздың кешіндегі мәлімет бойынша 92 мыңнан асқан. Ал коронавирус белгісі байқалған елдер саны 77-ге жетті. Осыған орай, бүкіл әлем мемлекеттері қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Қазақстан билігі де шекараны қымтап, шеттен келетін азаматтарды қатаң бақылауға алуда. Сондай-ақ ел аумағында өтетін ірі спортық жарыстарға шектеу қойып, тұрғындарға мейілінше сақ болу қажеттігін ескертіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.