Экономика • 20 Мамыр, 2020
Үкіметте Германиямен машина жасау саласын дамыту мәселесі талқыланды
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 50-ден астам германдық компания басшыларының қатысуымен кезекті веб-конференция өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Иран Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті
Тараптар қазақ-иран қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2020
Азық-түлік қызметінің техникасын ұстау және пайдалану ережелері нақтыланды
Қорғаныс министрлігімен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметі техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
Ерұлан Жамаубаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржы министрлігінің негізгі жұмыстары туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 20 Мамыр, 2020
Абай шығармалары қырғыз тіліне аударылды
Абайдың өлең-жырлары мен поэмалары қырғыз тілінде жарық көрді. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі хабарлады.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2020
«ҚазАқпарат» АҚ карантин туралы деректі фильм түсірді (видео)
«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ «мультимедиа» бөлімінің түсіру тобы «Карантин» атты деректі фильм түсірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Елбасы • 20 Мамыр, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады
Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Президент • 20 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының елдегі қаржы нарығын дамыту, инвесторлар мен қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау және АХҚО алаңында сауда-инвестициялық ынтымақтастық бойынша атқарылатын жұмыс жоспары туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2020
Бақыт Сұлтанов сала қызметкерлерін Дүниежүзілік метрология күнімен құттықтады
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сала қызметкерлерін Дүниежүзілік метрология күнімен құттықтады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.