Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19433 материал табылды

Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларын субсидиялау мәселелері талқыланды

Сенат депутаттары Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев Қостанай облысының Алтынсарин ауданында ауданның өндірістік ұжымдары мен ұйымдарында кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Павлодарда пилоттық режимде туристтік автобус жұмысын бастады

Қазіргі уақытта автобустың жүретін бағыты қалыптасу үстінде. Бүгінгі таңда, автобустың тоқтайтын 7 негізгі нүктесі бекітілді, соның ішінде мұражайлар, Благовещенский соборы, М. Ж. Көпеев атындағы орталық мешіті. Жоба пилоттық негізде жүріп жатқандықтан, кез келген адам Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне хабарласып, қаланың қызықты орындарын ұсына алады. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Владимир Волков Еңбекшіқазақ ауданына барды

Алматы облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Нұржан Әлтаев кәсіподақ өкілдерімен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Жиында «Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов халық қалаулысын атқарылып жатқан ауқымды істермен таныстырады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Е.Мамытбековке елордадағы проблемалық мәселелер туралы айтты

Сенат депутаттары Парламент қабылдаған заңдарды түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Сенатор Еділ Мамытбеков Нұр-Сұлтандағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Ерлан Айтаханов Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Қаңтар, 2020

Қазақстанда жол сапасын тексерудің ауқымды шаралары өткізіліп жатыр

Автомобиль жолдар комитеті «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК 2019 жылы атқарған жұмысының алғашқы қорытындыларын шығарды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 10 Қаңтар, 2020

Қазақ Ұлттық өнер университетінде дөңгелек үстел өтті

Қазақ Ұлттық өнер университетінің кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы, ақын, қоғам қайраткері және композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Қаңтар, 2020

«Белавиа» әуе компаниясы Ақтау, Қарағанды қалаларына рейстер ашады

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа халықаралық бағыттарды ашу жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 10 Қаңтар, 2020

Қазақстанда халықты нәтижелі жұмыспен қамту механизмдері жетілдірілді

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесу механизмдерін жетілдіру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына әзірленген жаңашылдықтар күшіне енді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.