Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19796 материал табылды

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Шымкент әкімі Kazakh Invest компаниясының төрағасымен кездесті

Шымкент қаласына инвестиция тарту мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаевпен кездесті. Кездесу барысында Kazakh Invest компаниясының өкілдері көлік және логистика саласы бойынша бірқатар инвестициялық жобамен таныстырып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020

Жануарлардың аса қауіпті 19 ауруына қарсы екпе жасалады

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020

Бірнеше облыста көктайғақ салдарынан ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады.

Саясат • 22 Қаңтар, 2020

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Юта штатына жұмыс сапарымен барды

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов Юта штатына жұмыс сапары барысында штат Губернаторы Г.Херберт, Бригам Янг университетінің президенті К.Вортен, Ютадағы Дүниежүзілік сауда орталығының директоры М.Хансен, сондай-ақ, жергілікті американдық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен алғашқы аппарат мәжілісі өтті

Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Баянауылға барған түйе батыстыкі ме?!

Әлеуметтік желі арқылы тараған: «Павлодар жақтан иесіз түйелер табылыпты», «Бура бастаған бір топ түйе Баянауылға келіп тоқтапты. Иелері жоқ екен!» деген хабар түйесі жоқ адамдардың өзін елең еткізді.

Руханият • 22 Қаңтар, 2020

Хирург, ғалым, қаламгер

Қоғамның қай саласында еңбек етсең де бiлiм-бiлiктiлiгiң мен талантың керек. Ғұлама қаламгер А.С.Пушкиннiң «Географияға да талант керек» дегенi сондықтан болар. Барлық пендеде Алла берген талант бар. Тек соны пендешiлiкпен ескерiп, елей бермейдi. Өмiрден өз жолын таппай адасатыны да сондықтан екен. Бiрақ адам бойындағы сол талантыңыз бiр-ақ пайыз көрiнедi, басқаның барлығы еңбекпен, маңдай термен келеді екен. Сөйтіп, Жаратушы иемiз мұрат-мақсатына жетем дегендердiң пешенесiне тоқсан тоғыз пайыз еңбектi жазыпты. Демек, талмайтын еңбек, үлкен төзiмдiлiк қажет. Арамызда соның екеуiн де ұштастырып жүрген жаны жомарт, қарапайым жандар бар. Солардың бiрi әрi бiрегейi – тараздық дәрігер-хирург Сағындық Ордабеков.

Қоғам • 22 Қаңтар, 2020

Ақтық сапарға шығарып салды

Өмірінің соңына дейін антына адал болып, бетпе-бет келген ажалдан қаймықпаған ер жүрек ұлмен қоштасу рәсімі марқұмның туған жері Әулиекөл ауданына қарасты Лаврентьев ауылында өтті. Қаралы жиында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди марқұмның ата-анасы мен туыс­тарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.

Әлем • 22 Қаңтар, 2020

Ливия түйіні шешіле ме?

Қазақстанның еуразиялық болмысына құрылған көпвекторлы сыртқы саясатының басты мақсаты – әлемдік деңгейде ірі держалар арасында және аймақтық деңгейде Түркия мен Ресей арасында теңгерім (тепе-теңдік/баланс) қалыптастыру. Өйткені екі елдің де Түркі-Ислам әлемінде терең мүдделері бар.

Руханият • 22 Қаңтар, 2020

Телқоңыр

Моңғол елі мен Қазақ елінің ортақ мақтанышына айналған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал тарихшы, білікті мәмілегер Зардыхан Қинаятұлының арамыздан кеткеніне де төрт жылдың жүзі болып қалыпты-ау! 1996-2016 жылдары бір мекеменің бір бөлімінде қатар отырған сырлас, мұңдас, тағдырлас ағамның сүйікті бейнесі, аз сөзбен-ақ көп ой, алуан сырға толы тағылымды әңгімелердің түйінін тарқатып беруші еді, әсіресе Тәуелсіз қазақ елінің бүгіні мен болашағы туралы сөз болғанда жайшылықта сыпайы, момынторы болып көрінетін Зақаңды танымай қалушы едік. Зақаң сондай аса шетін тақырыптар жөніндегі ойларын оңаша бөлме мен асхана төңірегінде емес, радио, газет, жорналдарда, кітаптарында ашық-әшкере айтудан тартынбағанына «Тарихқа көзқарас» атты жинағын оқыған адамның көзі жетеді.