Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19413 материал табылды

Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019

Қырғызстанның жолшылары қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін зерттеуде

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Көлік және жол министрлігінің өкілдері Жол активтерін басқару жүйесінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 25 Желтоқсан, 2019

2020 жылы 750 мыңнан астам әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы көбейтіледі

Үкіметтегі баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 25 Желтоқсан, 2019

132 мың қазақстандықтардың жәрдемақысы 2020 жылы 30%-ға артады

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 25 Желтоқсан, 2019

Б.Мәкен жемқорлыққа қатысты кездесу өткізді

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен №70 мектепте бас қаладағы колледж, мектеп және балабақша мекемелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы туралы түсіндіру шарасы өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 25 Желтоқсан, 2019

Б. Нұрымбетов «Еңбек» бағдарламасы бойынша айтып берді

Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтудың әртүрлі формаларымен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 25 Желтоқсан, 2019

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына Шымкенттен арнайы делегация келді

Жыр алыбының есімімен аталатын Жамбыл облысының тұрғындары өңірдің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 25 Желтоқсан, 2019

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі жылды қорытындылады

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сейсенбіде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз жиынын өткізіп, жылды қорытындылады және журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 25 Желтоқсан, 2019

Б. Сапарбаев әлеуметтік салада орын алатын өзгерістер туралы айтып берді

Үкіметтің баспасөз орталығында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы және 2020 жылға қойылған басымдықты міндеттер туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 25 Желтоқсан, 2019

Мәжілісте бірқатар заң жобасы талқыланды

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

А.Шпекбаев ШҚО-ға жұмыс сапарымен барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің қоғамдық қабылдауының тұсаукесеріне қатысты.