Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Елордада қар тазалауға 1474 жол жұмысшысы шықты
28 қаңтардан 29-на қараған түні қала сыртына 28 804 текше метр қар шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 29 Қаңтар, 2020
Құрманғазы оркестрі мен «Милосердие» қоры маңызды құжатқа қол қойды
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Милосердие» қоғамдық қоры арасында қайырымдылық концерттерін өткізу туралы меморандум жасалды. Аталмыш құжатқа ДОМ директоры Аружан Саин мен Құрманғазы оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиев қол қойды.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Сарыарқа ауданында жаңа аурухана салынады
Биыл елорданың Сарыарқа ауданы аумағында жаңа аурухана және отбасылық денсаулық сақтау орталығы салынады. Бұл туралы аудан әкімі Ерғали Егемберді тұрғындар алдында есеп беру кездесуі барысында мәлім етті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020
Қытай азаматтары үшін виза беру тәртібі өзгерді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №10 қаулысымен Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін бұрын енгізілген Қазақстан Республикасына кіру, болу және кету үшін жетпіс екі сағаттық визасыз режим 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 29 Қаңтар, 2020
Коронавируске қарсы вакцина ойлап табылды
Гонконг қаласының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Бұл туралы South China Morning Post қытайлық басылым хабарлады.
Медицина • 29 Қаңтар, 2020
Е.Біртанов Назарбаев әуежайында орналасқан санитарлық карантиндік пунктке барды
Министр Қытайдан келетін ұшақтың жолаушыларын тексеру шараларымен танысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2020
Берлинде «Жасыл Орталық Азия» қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастама басталды
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуроодақтың Орталық Азия мен Ауғанстан үшін жаңа стратегиясын іске асыру шеңберінде Германия бастамашылық еткен климатты қорғау мәселелері жөніндегі «Жасыл Орталық Азия» аймақтық интеграциялық жобасын іске қосу жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік қызметіне кіріскеніне бір жыл толар уақытта «Жаңа экономикалық бағыт» деген атаумен реформалардың ауқымды пакетін әзірлеу қолға алынғанын жария етті. Бұл жаңа бағыт бұрынғы даму жолымыздан шығу дегенді білдірмейді. Сабақтастық – мемлекеттің берік ұстыны. Жаңа тарихымыздың өткен үш онжылдығында мемлекеттік биліктің дәстүрлері мен институттары орнығып, экономиканың базисі қалыптасты, халықтың жаңа буыны өсті. Жаңа экономикалық бағыттың қажеті сол – бұл кешегі кезеңнен айтарлықтай ерекшеленетін қазіргі күннің шындығына негізделген.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Қостанай облысында соңғы аптада толассыз соққан дүлей боран салдарынан жол қатынасы қиындап кетті. Өңірде соңғы бір жеті ішінде қар шамадан тыс қалың түсіп, ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран күшейіп тұр. Сондықтан республикалық маңызы бар күре жолдардың бойындағы 5 аумақта және облыстық маңызы бар жолдардың 22 аумағында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Руханият • 29 Қаңтар, 2020
Шығыстану ғылымының жаңа жетістігі
Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті шығыс елдерімен тығыз байланысты. Халқымыздың түркілік ежелгі және ортағасырлық тарихының деректері қытай, парсы, араб һәм түрк тілдерінің жазбаларында молынан көрініс тапқан.